БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1.
ЭСТ негізіндегі монитордың əрекет ету қағидасы қандай?
2.
ЭСТ-мониторлар үшін қай сипаттамалары негізгілерге
жатады?
3.
Мультимедиялық мониторлардың ерекшелігі неде?
177
4.
СК-мониторлардың жұмыс істеуі қандай физикалық
құбылыстарға негізделген?
5.
Мониторды таңдау кезінде қандай факторларды ескеру
керек?
6.
СК-мониторлармен салыстырғанда оверхед-
проекторлардың СК-панелінің ерекшеліктері неде?
7.
DMD/DLP- технологисын жүзеге асыратын
проекторлардың артықшылықтары қандай?
8.
Виртуалды ақиқаттың шлемінің қандай түрлерін білесіз?
9.
Үш өлшемді кескіннің синтезінің негізгі принциптері
қандай?
10.
Сізге белгілі 3D- проекторларының жұмыс істеуінің
ерекшеліктері қандай?
11.
Видеоадаптердің тағайындалуы мен əрекет ету принципі
қандай?
12.
Видеосигналдарды өңдеудің қандай негізгі кезеңдері бар?
178
5-
ТАРАУ
АУДИОАҚПАРАТТЫ
ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ
ӨҢДЕУ ЖҮЙЕЛЕРІ
5.1.
ДК ДЫБЫСТЫҚ ЖҮЙЕСІ
ДК дыбыстық жүйесі дыбыс карта түрінде 1989 жылы пайда
болды, ол ДК мүмкіндіктерін ақпараттандырудың техникалық
құралы ретінде барынша кеңейтті.
ДК дыбыс жүйесі
— келесі қызметтерді орындайтын
бағдарламалық-аппаратты құралдардың жиынтығы:
■
Сыртқы көздерден келіп түсетін дыбыс сигналдарын жазу,
мысалы микрофон немесе магнитофоннан, кіру аналогты дыбыс
сигналдарын цифрлыққа түрлендіру жəне ары қарай қалтқы
дискіде сақтау жолымен;
■
Сыртқы акустикалық жүйе немесе бас телефон (құлаққап)
көмегімен жазылған дыбыстық деректерді жаңғырту;
■
Дыбыстық компакт-дискілерді жаңғырту;
■
Бірнеше көзден сигналдарды жаңғырту немесе жазу кезінде
микшерлеу (араластыру);
■
Дыбыс сигналдарын біруақытта жазу жəне жаңғырту (
Full
Duplex
режимі
);
■
Дыбыс сигналдарын өңдеу: редакциялау, сигнал үзінділерін
біріктіру немесе бөлу, сүзгілеу, оның деңгейін өзгерту;
■
Көлемдік дыбыстаудың алгоритміне сəйкес дыбыс сигналын
өңдеу (үш өлшемді —
3D-Sound)
;
■
Музыкалық аспаптардың дыбыстау синтезаторының көмегімен,
сонымен қатар адам сөйлеуі мен басқа дыбыстарды жасау;
179
5.1-сурет. Видеоарнада деректер жіберу маршруты
■
MIDI
арнайы интерфейсі арқылы сыртқы электронды музыкалық
аспаптардың жұмысын басқару
.
ДК дыбыстық жүйесі құрылымдық түрде аналық тақша слотына
орнатылатын, не аналық тақшаға біріктірілген дыбыс карталарын
немесе ДК басқа қосымша жүйесінің кеңейту картасын береді.
Дыбыстық жүйенің бөлек функционалды модульдері дыбыс
картасының сəйкес жалғағышына орнатылған еншілес плата
түрінде орындалына алады.
5.1-суретте көрсетілгендей калссикалық дыбыстық жүйеде жазу
жəне дыбыс жаңғырту модулі;синтезатор модулі; интерфейстер
модулі; микшер содулі; акустикалық жүйе болады.
Бірінші төрт модуль ереже бойынша, дыбыстық картаға
орнатылады. Сонымен қатар синтезатор модулі немесе цифрлық
дауысты жаңғырту жəне жазу модулі жоқ дыбыс карталары болады.
Модульдердің əрқайсысы бөлек микросхема түрінде орындалу
мүмкін, немесе көпфункционалды микросхема құрамына кіреді.
Осылайша, дыбыстық жүйенің
Chipset
құрамында бірнеше немесе
бір микросхема болуы мүмкін. ДК дыбыстық жүйесінің
құрылымдық орындалуы маңызды өзгерістерге ұшырап жатыр.
Алайда қазіргі заманғы дыбыстық жүйенің (оның құрылымдық
орындалуына тəуелсіз) тағайындалуы мен модуль функциялары
өзгермейді. Дыбыстық картаның функционалды модульдерін
қарастырған кезде «ДК дыбыстықжүйесі» немесе «дыбыстық карта»
терминдерін пайдалану қабылданған.
180
|