Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет96/193
Дата02.10.2023
өлшемі7,08 Mb.
#112414
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   193
Байланысты:
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

Бастапқы аналогты сигнал 
5.3-сурет. Аналогты сигналдың уақыты бойынша дискреттеу жəне деңгейі бойынша 
кванттау 
Санау амплитудасының кванттауының деңгейі де сонша болуы 
мүмкін. Мысалы, егер санау амплитудасының мəні 16-разрядты 
кодтық сөзбен берілсе, амплитуда градациясының ең көп саны 
(кванттау деңгейі) 2
16
= 65 536 құрайды. 8-разрядты көрсету үшін 
сəйкесінше 2
8
= 256 амплитуда градациясын аламыз. 
Аналогты-цифрлық 
түрлендіру 
арнайы 
электрондық 
құрылғымен — 
аналогты-цифрлық түрлендіргішпен (АЦТ) 
жүзеге 
асырылады, мұнда сигналдың дискреттік санағы сандардың 
реттілігіне түрлендіріледі. Цифрлық деректердің алынған ағыны, 
яғни сигналға, пайдалы да, жағымсыз да жоғарыжиілікті бөгеттер 
кіреді, олардың сүзгілеуі үшін алынған цифрлық деректер цифрлық 
сүзгі арқылы өткізіледі. 
Цифрлы-аналогты түрлендіру 
жалпы жағдайда 5.4-суретте 
көрсетілгендей екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезеңде цифрлық 
деректер ағынынан цифрлы-аналогты түрлендіргіш көмегімен 
(ЦАТ) дискреттеу жиілігімен жалғасатын сигналдың есептеуін 
бөліп көрсетеді. Екінші кезеңде дискретті санақтан деңгейлестіру 
жолымен (интерполяция) төмен жиілікті сүзгі көмегімен үздіксіз 
аналогты сигнал қалыптастырылады, ол дискретті сигнал спектрінің 
периодты жасаушысын басады. 
Дыбыстық сигналды цифрлық форматта жазу жəне сақтау үшін 
дискілі кеңістіктің үлкен көлемі қажет болады. Мысалы, 16- 
разрядты кванттау кезінде 44,1 кГц дискреттеу жиілігімен 
цифрленген ұзақтығы 60 с стереофониялық дыбыстық сигнал 
винчестерде сақтау үшін шамамен 10 Мбайт қажет етеді. 
Берілген сапасымен дыбыстық сигналды көрсету үшін қажетті 
цифрлық 
деректер 
көлемін 
азайту 
үшін 
компрессияны 
(сығылысуды) қолданады, 
183 


5.4
-сурет. Цифрлы-аналогты түрлендірудің схемасы 
бір санауға келетін бит саны немесе кванттау деңгейі мен санақ 
санының төмендеуінде тұжырымдалады. 
Арнайы кодтайтын құрылғыны пайдаланумен дыбыстық 
деректерді кодтауының мұндай əдістері ақпарат ағынының көлемін 
бастапқының 
20 
%
дейін 
қысқартуға 
мүмкіндік 
береді. 
Аудиоақпаратты жазу кещінде кодтау əдісін таңдау сығылу 
бағдарламаларының жиынтығына байланысты болады – кодектер 
(кодтау-қайта кодтау), ол операциялық жүйенің құрамына кіретін 
немесе дыбыстық картаның бағдарламалық қамтамасыз етуімен 
бірге жеткізіледі. 
Сигналдың 
аналогты-цифрлық 
жəне 
цифрлы-аналогты 
түрлендіру функцияларын орындап, жазу модулі мен цифрлық 
дыбысты жаңғыртуға АЦТ, ЦАТ жəне басқару блогы кіреді, олар 
əдетте кодек деп аталатын бір микросхемаға біріктірілген. Бұл 
модульдің негізгі сипаттамалары келесі: дискреттеу жиілігі; АЦТ 
мен ЦАТ түрі мен разрядтылығы; аудиодеректерді кодтау əдісі; 
Full 
Duplex 
режимінде жүмыс жасау мүмкіндігі. 
Дискреттеу жиілігі 
жазылатын немесе жаңғыртылатын 
сигналдың ең көп жиілігін анықтайды. Адам дауысын жазу жəне 
жаңғырту үшін 6 ... 8 кГц жеткілікті; төмен сапалы музыка үшін — 
20 ... 25 кГц; жоғары сапалы дыбысталуды қамтамасыз ету үшін 
(аудиоықшам-диск) дискреттеу жиілігі 44 кГц кем емес болуы 
керек. Дыбыстық карталардың дискреттеу жиілігі 96 немесе 192 кГц 
болады. 
АЦТ пен ЦАТ разрядтылығы 
цифрлық сигналды ұсыну 
разрыдтылығын анықтайды (8, 16 немесе 18 бит). Көптеген 
дыбыстық карталар 24-разрядты АЦТ мен ЦАТ жабдықталған. 
184 


Full Duplex 
(толық дуплекс) — арна бойынша деректерді жіберу 
режимі, оған сəйкес дыбыстық жүйе біруақытта аудиодеректерді 
қабылдай (жазу) жəне жібере (жаңғырту) алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет