Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»


  ЖАЗУ ЖӘНЕ ЖАҢҒЫРТУ МОДУЛІ



Pdf көрінісі
бет95/193
Дата02.10.2023
өлшемі7,08 Mb.
#112414
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   193
Байланысты:
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

5.2. 
ЖАЗУ ЖӘНЕ ЖАҢҒЫРТУ МОДУЛІ 
 
 
Дыбыстық жүйені жазу жəне жаңғырту модулі дыбыстық 
деректерді бағдарламалық жіберу немесе оларды DMA 
(Direct 
Memory Access 
— жадыға тікелей қолжетімділік арнасы) арналары 
бойынша жіберу режимінде аналогты-цифрлық жəне цифрлы- 
аналогты түрлендіруді жүзеге асырады. 
Дыбыс белгілі болғандай, ауада немесе басқа ортада еркін 
таралатын бойлық толқындарды береді, сол себепті дыбыстық 
сигнал үздіксіз уақыт бойынша жəне кеңістікте өзгереді. 
Дыбысты жазу 
— бұл жазу мезетінде дыбыстық қысым 
ауытқулары туралы ақпаратты сақтау. Қазіргі уақытта дыбыс 
туралы ақпаратты жазу жəне жіберу үшін аналогты жəне цифрлы 
сигналдар қолданылады. Басқа сөзбен айтқанда, дыбыстық сигнал 
аналогтық немесе цифрлық пішінде көрсетілуі мүмкін. 
Егер дыбысты жазу кезінде уақыт бойынша үздіксіз дыбыстық 
сигналды уақыт бойынша үздіксіз электр сигналына түрлендіретін 
микрофонмен қолданатын болса, дыбыстық сигналды аналогты 
пішінде алады. Себебі дыбыс толқынының амплитудасы дыбыс 
қаттылығын анықтайды, ал оның жиілігі – дыбыс үнінің биіктігін, 
дыбыс туралы расталған ақпаратты сақтау үшін электр сигналының 
кернеуі дыбыстық қысымға пропорционал болу керек, ал оның 
жиілігі дыбыстық қысымның ауытқуларының жиілігіне сəйкес келуі 
керек. 
Көптеген жағдайларда ДК дыбыстық картасының кіруіне 
дыбыстық сигнал аналогтық пішінде беріледі. ДК тек қана цифрлық 
сигналдарға сүйенетін болғандықтан, аналогты сигнал цифрлыққа 
түрлендірілуі керек. ДК дыбыс картасының шығуында орнатылған 
акустикалық жүйе тек қана аналогты электр сигналдарын 
қабылдайды, сондықтан ДК көмегімен сигналды өңдегеннен кейін 
цифрлық сигналдың аналогтыкқа кері түрлендірілуі қажет. 
Аналогты-цифрлық түрлендіру 
аналогты сигналды цифрлыққа 
түрлендіруді береді жəне келесі негізгі кезеңдерден тұрады: 
дискреттеу, кванттау жəне кодтау. Дыбыстық сигналдың аналогты- 
цифрлық түрлендіруінің схемасы 5.2-суретте көрсетілген. 
Аналогты дыбыстық сигнал алдын ала аналогты сүзгішке келіп 
түседі, ол сигналдың жиілік жолағын шектейді. 
Сигналды дискреттеу 
берілген мерзімділікпен аналогты 
сигналдың санауының іріктеуінде болады жəне дискреттеу 
жиілігімен анықталады. 
181 


5.2-сурет. Дыбыстық сигналды аналогты-цифрлық түрлендірудің схемасы 
Дискреттеу жиілігі бастапқы дыбыстық сигналдың ең жоғары 
гармоникасының (жиілікті құрауыш) екі еселенген жиілігінен кем 
болмау керек. Адам 20 Гц-дан 20кГц дейінгі жиілікті диапазонда 
дауыстарды ести алатын болғандықтан, бастапқы дыбыстық 
сигналдың дискреттеуінің ең үлкен жиілігі 40кГц-тен кем болмау 
керек, яғни санауды секундына 40 мың рет өткізу керек. Осыған 
байланысты қазіргі заманғы ДК көптеген дыбыстық жүйелерінде 
дыбыстық сигналдың дискреттеуінің ең көп жиілігі 44,1 немесе 48 
кГц құрайды. 
Амплитуда бойынша кванттау 
уақыт бойынша дискретті 
сигналдың амплитудасының лездік мəнін өлшеуді жəне оны уақыт 
пен амплитуда бойынша дискреттікке түрлендіруді береді. 5.3- 
суретте аналогты сигналдың деңгейі бойынша кванттау процесі 
көрсетілген, бұл кезде амплитуданың лездік мəндері 3-разрядты 
сандармен кодталады. 
Кодтау 
квантталған сигналды цифрлық кодқа түрлендіреді. Бұл 
кезде кванттау кезіндегі өлшеу нақтылығы кодтық сөздің разряд 
санына байланысты болады. Егер амплитуда мəндерін екілік сандар 
көмегімен жазсақ жəне кодтық сөздің ұзындығын 

разрядты деп 
белгілесек, кодты сөздердің мүмкін мəндерінің саны 2
N
тең болады. 
182 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет