Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Құтадғұ  деген түркі сөзін, мағыналық та тұлғалық  жағынан және тарихи фонетика тұрғысынан алып



Pdf көрінісі
бет115/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   139
Құтадғұ 
деген түркі сөзін, мағыналық та тұлғалық 
жағынан және тарихи фонетика тұрғысынан алып
 
қарағанда,
 
қазақша
құтайтатын
(яғни
 
құтты
 
қылатын, құт әкелетін) 
деп аударған дұрыс, бірақ құт сөзінің мағынасы қазір ескіріп, 
қолданылу аясы біраз тарылған, белгілі бір
 
қалыптасып кеткен 


527
ескі сөз тіркестерінің құрамында ғана кездеседі, әдеби тілде оның 
«бақ (бақыт)» деген синонимі кеңірек қолданылып жүр. 
Автор былай деп жазған: «Китаб аты урдум Қутадғу билиг, 
Қутадсу оқығлықа, тутсу әлиг». Сөзбе–сөз аудармасы: «Кітаптың 
атын қойдым Құтадғұ білік, Құт әкелсін оқығанға қолына 
ұстап». Түпнұсқадағы
 Құтадсу оқығлықа
деген тіркес сөзбе-сөз 
аударғанда «Құт дарытсын (яғни құт әкелсін) оқығанға» (дәлірек 
айтқанда: «құт құтайтсын оқығанға») болып шығады. Ескі 
түркіше
 білік
сөзі қазіргі қазақ тілінде арнаулы термин есебінде 
қолданылатын болғандықтан (мысалы: «білік теориясы») немесе 
оның қолданылу аясы тарихи тұрғыдан алып қарағанда тарылып 
кеткендіктен және біршама ауыспалы мағынада жұмсалатын 
болғандықтан, біз оның қазіргі кезде жиі қолданылатын, қалың 
көпшілікке белгілі
 білім
деген синонимін алып отырмыз.
8. 
Баласағұн –
қазіргі Жетісу өлкесінде, Шу өзенінің жағасында, 
бұрынғы Қарахан әулеттерінің Батыс өлкедегі басты бір астанасы 
болған ескі қала.
9. 
Қашқар –
Қарахан мемлекетінің шығыс жағындағы астанасы, 
қазіргі Шыңжаң-ұйғыр автономиясы аумағында.
10. 
Тавғачхан
– Бұғраханның лауазымы. Ол Бұғрахан 
мемлекетінің географиялық жағдайына қарай аталған.
Машын 
өлкесін ол кезде
 Табгач (Тавғач
) деп те атайтын болған.
11. 
Хас-Хажиб
(арабша: «қызметкер», яғни «еңбек сіңірген 
қызметкер») – лауазымы жоғары кісілердің үйінде (сарайында) 
қызмет істейтін адамдарға берілетін үлкен лауазымды атақ, 
шені – қызметші, күзетші, қорғаүшы, есікті күзететін, үй-ішіне 
қарайтын адам т.б. Жүсіп бір кезде патша шымылдығын күзетіп 
отыратын адам болған.
12. 
Күнтоғды
– қазақша «
Күнтуды, Күнтуған
».
Еліг
сөзі 
бірнеше мағына береді: патша билеп-төстеүші, өкім жүргізүші, 
әкім, әмір, басқарушы т.т. Осы айтылып отырған алғы сөзде 
оның қызметін
 падшаһ
деп көрсеткен, сондықтан біз көпшілікке 
беймәлім
 еліг
деген сөздің орнына күнделікті қолданылып жүрген
 
патша
сөзін алдық.
13.
 Айтолды
деген ат қазіргі қазақ тілінде де бар. Ол патшаның 
уәзірі болып есептеледі. Уәзір, С.Н.Ивановтың ескертуі бойынша, 
Бас министр (қазіргі сөзбен айтқанда премьер-министр) екен.


528
14.
 Өгдүлміш –
«мақтаулы» деген сөз. Ә. Нәжіп
 өгмек
(хвалить)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет