• Жақсы тәжірибеге негізделген кеңес
Сырттай тексеру тетіктерінің сапаны арттыру туралы деректерді
қамтамасыз ететініне көз жеткізу үшін қазіргі СҚА тәжірибесін зерт-
теңіз. Сарапшының пікірін білу пайдалы болатын салаларды қарасты-
рыңыз. Кейде бірнеше сарапшының қатысуы әлдеқайда толық шешім
шығаруға ықпалдасады және білім беру бағдарламасына көп өлшемді
көзқарас береді.
Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
190
Студенттерді тарту
ESG-ның 1.3 стандарты «оқу орындары бағдарламалар бойын-
ша оқыту кезінде студенттердің оқыту барысын ұйымдастыруға
белсенді қатысуға ынталы болатынына кепілдік беруі тиіс» дейді.
«Студенттер жоғары сапалы оқу тәжірибесін алуға қажетті
шарттар туралы және оларды қалай үнемі жетілдіріп отыруға бола-
тындығы туралы құнды ақпарат береді»
132
, сондықтан олар келесі
СҚА үрдістеріне қатысуы тиіс:
• жаңа және өзгертілген білім беру бағдарламаларын бекіту;
• бағдарламаға жыл сайын бақылау жүргізу;
• мерзімді бағалау және сырттай бағалау;
• комитетке мүше болу арқылы білім беру қызметіне баға
беру.
Студенттердің жасаған кері байланысын жинақтау үшін көпте-
ген әдісті қолдану қажет. Университеттер ақпараттық сипатта бо-
луы мүмкін бейресми байланыс арналарының рөлін назарсыз қал-
дырмай, жете бағалауы керек (20-суретті қараңыз).
132
Quality Assurance Agency. (2018). The revised UK UK Quality Code for Higher Education.
https://www.qaa.ac.uk/quality-code
20-сурет. Студенттердің жасаған кері байланыстарын жинақтау әдістері
Факультет
оқытушыларымен
және декандармен
жеке кездесу
Әлеуметтік
желілер
Студенттерді
тарту
Ресми
Студентерге
арналған
онлайн
форумдар
Курстарды
бағалау
Бейресми
Әдістер
Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
191
Курсты бағалауға арналған сауалнама – кері байланыстың не-
гізгі тетігі, ол студенттерден курстың дизайны, білім беру және баға-
лау әдістері сияқты оқытудың негізгі аспектілеріне қаншалықты
қанағаттанатынын көрсетуді сұрайды. Университет курстарды
бағалаудан басқа оқытушылардан, түлектерден бағдарламаларға
қанағаттанатындықтары туралы сауалнамалар және студенттерге
қолдау көрсету бойынша сауалнамалар жүргізе алады.
НУ-да курсты бағалауға арналған сауалнама курстың әртүрлі аспектілері
бойынша әзірленген 14 басты сұрақтан тұрады. Бұл үрдіс орталықтандырыл-
маған және оны Qualtrics веб-платформасы арқылы мектептер басқарады. Са-
уалнама әкімшілері құпиялылықты сақтау мақсатында сауалнаманы басқару
қағидаларын қатаң ұстанады. Сауалнама 4 бөлімнен тұрады:
1. курс туралы ақпарат;
2. курс туралы жалпы пікірлер (оқыту нәтижелері, бағалау өлшем шартта-
ры, оқыту технологиялары, зертханалық сабақтар);
3. оқытушы туралы жалпы пікір (оқыту әдістерінің алуан түрлілігі, қамта-
масыз етілген кері байланыс сапасы, коммуникация);
4. курсты қалай жақсартуға болатындығы туралы ашық сұрақтар.
НУ студенттері қоғамдастығының өкілдері курсты бағалау үшін сауал-
нама әзірлеуге қатысып, сұрақтарды қалай құрастыруға болатындығы туралы
өз пікірлерімен бөлісті. Жалпы университеттік сұрақтарды курстың/бағдарла-
маның бірегейлігін көрсету үшін қосымша сұрақтармен толықтыруға болады.
Оқу пәні курсын бағалау кезінде респонденттер санының
төмен деңгейінің негізгі себептерінің бірі алынған сауалнама
нәтижелерін пайдалануға қанағаттанудың болмауы болып табы-
лады
133
. Сондықтан студенттерге өздерінің кері байланысты қалай
қолданғандары туралы хабарлап отыру өте маңызды, сонымен бір-
ге егер ешқандай іс-әрекет жасалмаса, оның себептері нақты көр-
сетілуі керек.
Университеттер өздерінің студенттерді тартуды шынайы қолға
алғандығын көрсетуі және оны тиісті ережелер мен ережелерде ай-
туы, курс/бағдарлама/мектеп/университет деңгейінде студенттер
133
European Students’ Union. (2015). Bologna with Students Eyes. Brussels, 2015.
https://www.esu-online.org/wp-content/uploads/2016/07/BWSE-2015-online.pdf
Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
192
өкілдерінің тиісті тетіктерін әзірлеуі және студенттердің өзін-өзі
басқаратын студенттік кеңесін құруға қолдау білдіруі керек. Сту-
денттер өкілдігінің беделін арттыру үшін студенттерге, оқытушы-
ларға және қызметкерлерге кеңес беру арқылы үнемі жәрдемдесіп
отыру және тәлімгерлік жасау қолжетімді болуы тиіс
134
. Сондай-ақ
студенттерді тартудың белгіленген үрдістерінің тиімді болатынына
талдау, бақылау жасап отыру қажет. Бұл білім алушыларға бағыт-
талған мәдениетті дамыту үшін пайдалы болады.
134
Ashwin, P., & McVitty, D. (2015). The Meanings of student engagement: Implications for Policies and
Practices. In A. Curaj et al. (Eds.), The European Higher Education Area, (pp.343-359).
https://doi.org./10.1007/978-3-319-20877-0_23
https://www.researchgate.net/publication/312862857_The_Meanings_of_Student_Engagement_
Implications_for_Policies_and_Practices
НУ студенттері өкілдігінің жүйесін студенттік үкімет басқарып, оның
жұмысын жүргізіп отырады. Ол студенттік корпус пен университет комитет-
тері арасындағы делдал ретінде қызмет етеді. НУ бідім алушылары (маги-
странттар мен докторанттар, сондай-ақ бакалавриат студенттері) түрлі дең-
гейдегі комитеттерге мүшелік етеді.
Студенттік қауымдастық өкілдерінің құзыреттілігін арттыру үшін НУ оқу
тренингтерін ұйымдастырады. Тренингтер студенттерге олардың атқаратын
рөлдері мен қызметтері туралы, сондай-ақ олардың сапаны жақсарту үрдісіне
қалай үлес қоса алатындығы туралы хабарлар етеді. Интерактивті сабақтар
кезінде студенттер нақты жағдайларды талқылайды және мүмкін болатын
шешімдерін ұсынады. Кез келген академиялық мәселе бойынша жыл бойы
тұрақты кеңес беріліп, қолдау көрсетіледі. Академиялық мәселелер жөніндегі
ректор, проректор және декандар студенттерге қатысты мәселелерді талқы-
лау үшін үнемі студент өкілдерімен кездесіп тұрады.
Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
193
Достарыңызбен бөлісу: |