Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
195
НУ Ректор Басқармасы жанында Институционалдық зерттеулер және
аналитика (ИЗА) бөлімін құрды, ол Институционалдық зерттеулер қауымда-
стығының (ИЗҚ) қағидаттары мен стандарттарын ұстанады.
ИЗА бөлімінің жобалары тұрақты жетілдіру мәдениетін дамыту, ака-
демиялық шешімдерді қабылдауға қолдау білдіру және бағдарламаларға
жыл сайынғы бақылау жүргізуге, рейтингтерге қатысуға, бағдарламаларды
институционалдық бағалауға және аккредиттеуге қатысуға көмек көрсету
үшін нақты және маңызды деректер мен статистикалық талдауды ұсынады.
ИЗА бөлімінің бұл бастамаларына оның аналитикалық мәліметтер база-
сын жаңарту ғана емес, сонымен қатар барлық курс бойынша бағалардың
үлестірілуіне талдау жасау, сондай-ақ оқыту тәжірибесіне қатысты сауална-
маларды әзірлеп, түсіндіру (бірінші оқу жылының түлектеріне арналған са-
уалнама, бағдарламаны аяқтаған түлектерге арналған сауалнама, студент-
тердің әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бойынша сауалнама) кіреді. Бұл
деректер ақпарат береді және білім беру бағдарламасының жыл сайынғы мо-
ниторингін қоса алғанда, сапаны арттыруға ықпал етеді. Институционалдық
бағалау бағдарламасының есебінде ИЗА бөлімінің құрған тобының атқарған
жұмыстарының сапасы жоғары бағаланады. Деректерді басқаруға қатысатын
НУ қызметкерлерінің ішкі әлеуетін арттыру үшін ИЗА бөлімі НУ аналитикасы
бойынша Таланттар желісін құрды және семинарлар мен ақпараттық сессия-
ларды ұдайы өткізіп отырады. Мұның бәрі НУ-да деректерді жинақтау мәде-
ниетін дамытуға ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: