Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан



Pdf көрінісі
бет111/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

Сапа мәдениеті
Жоғары білім беру ұйымдарындағы сапа ұғымын қабылда-
удың мәдени тұрғыда өзгеруі, сапаны жалпылама түрде дамыту-
дың түпкі мақсаты болуы мүмкін. «Сапаны қамтамасыз ету және 
сапаны арттыру... студенттер мен оқытушылардан бастап жоғары 
оқу орнының басшылығы мен менеджментіне дейін барлығын жұ-
мылдыра отырып, сапа мәдениетін дамытуға демеу болады» (ESG, 
2015). Сапа мәдениетін сипаттайтын айрықша екі ерекшелік бар: 
НУ-да білім беру сапасына бағдарламаға жыл сайын бақылау жасау, 
бағдарламаны аккредиттеу және институционалдық бағалау секілді бірнеше 
СҚА үрдісі арқылы мұқият тексеру жүргізіледі. Бағдарламаны әзірлеу бары-
сында оны жүзеге асыратын оқытушылар құрамының сапасы мен біліктілі-
гіне, қажетті оқыту және АТ-инфрақұрылымының болуына, студенттерге 
қолдау білдіру қызметтеріне және, ең маңыздысы, оқытудың инновациялық 
әдістерін енгізуге ерекше көңіл бөлінеді.
2019 жылы іске қосылған электрондық оқыту студиясы оқытуда зама-
науи технологияларды пайдалануға мүмкіндік береді және оқытушыларға 
сабаққа қажетті түрлі мультимедиялық материалдарды жасап алуды жеңіл-
детеді. Тек АКТ-ға негізделген оқытуды ғана емес, сонымен қатар оқытудың 
басқа да инновациялық тәсілдерін пайдалану үшін тиісінше институционал-
дық қолдау, ресурстар мен тренингтер ұсынылады. Мектептер университет-
тердің академиялық қауымдастығына өздерінің ең көрнекті оқытушыларының 
оқытушылық қызметіндегі жетістіктерін көпшілікке танытуға, марапаттауға 
ұсынады. Бұл марапат университетте білім берудің озық тәжірибесін дамы-
туға көмектеседі.
Стратегиялық серіктестер және AdvanceHE (Ұлыбритания) оқытушы-
ларға мамандандырылған семинарлар мен сессияларға қатысу арқылы кәсіби 
түрде даму мүмкіндіктерін ұсынады.
• Жақсы тәжірибеге негізделген ұсыныс
Университеттер әртүрлі дереккөздері мен кері байланыстарға тұрақты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет