Назарбаев Университетінің
Жоғары білім беру мектебі
213
Зерттеулер (мысалы Little et al., 2009)
148
студенттерді оқуға
тарта отырып, оқу орындары оларды өздерінің оқу ортасын жоба-
лауға қатысушы ретінде емес, негізінен білім беру қызметін тұты-
нушы ретінде ғана қарастыруға бейім екенін көрсетеді (ESG, 1.3
стандарты). Сондықтан студенттерді мүмкіндігінше
ерте бастан-
ақ білім беру бағдарламасын жасауға (тек білім беру үрдісінің ұй-
ымдастырылуын бағалауда ғана емес) белсенді қатысуға шақыру
ұсынылады. Бұл студенттердің адалдығын арттырып,
білім беру
үрдісін тереңірек әрі жан-жақты түсінуіне және олардың білім
беру бағдарламасы мен оқу тәжірибесіне оңтайлы әсерін тигізуіне
ықпал етуі мүмкін.
Студенттерді тарту және мазмұнды
кері байланыс жинақтау
жаңа бағдарламаны немесе курсты әзірлеу кезінде күрделі болып
көрінуі мүмкін. Мұндай жағдайда бағдарламаларды/курстарды
әзірлеумен айналысатын топтар студенттерден білім беру үрдісінің
жалпылама элементтері туралы, мысалы студенттердің білім алу
және даму мүмкіндіктері, үлгерім
өлшем шарттары, дағдылар-
ды дамыту, тағылымдамалар және оқу жүктемесінің тепе-теңдігі
тәрізді элементтеріне қатысты ақпараттар сұрай алады. Студент-
тердің кері байланысын жинақтаудың ресми және бейресми әді-
стері туралы толығырақ 6-тарауда келтірілген.
Бағдарламаны әзірлеушілер тобына кірмейтін басқа да мүд-
делі тараптар мазмұнымен қатар білім беру қызметіне қатысты
сарапшылармен кері байланыс жасай отырып және балама көзқа-
растарын білдіре отырып, бағдарламаны нығайтуға және стандарт-
тардың сақталуын (мысалы оқыту қызметін атқаратын қызметкер,
цифрлық оқыту мәселелері жөніндегі топ, сапаны қамтамасыз ету
жөніндегі кеңсе қызметкері, ақпараттық-мультимедиялық қамта-
масыз ету) қамтамасыз етуге өз үлестерін қосады.
Білім беру бағдарламаларын сырттай
бағалау Бағдарламаны
басқару үрдістерінің ашықтығына ықпал етеді және сапа мен ака-
демиялық стандарттарды беделді жоғары білім беру ұйымдарымен
және басқа да бағдарлармен салыстыруға мүмкіндік береді.
148
Little, Brenda; Locke, William; Scesa, Anna and Williams, Ruth (2009). Report to HEFCE on Student
Engagement. HEFCE, Bristol, UK.
http://oro.open.ac.uk/15281/1/Report_to_HEFCE_on_student_engagement.pdf]
Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
214
Кең ауқымды бағдарламалар мен курстарды әзірлеумен айна-
лысатын топтар мыналарды қамтуы мүмкін (22-сурет):
Достарыңызбен бөлісу: