Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
216
құрамына,
аудиториялық қорға, қаржыға, жабдықтарға қатысты
басқа да қолданыстағы бағдарламалардың, ресурстардың қайтала-
нуын болдырмау тәрізді мәселелерді қамтиды. Аталмыш кезеңдегі
кеңестер сонымен қатар осы саладағы беделді халықаралық және
ұлттық
сарапшылардың сырттай айтқан пікірлерін қамтиды.
Институционалдық деңгейдегі үрдіс
Бағдарламаны институционалдық
деңгейде бақылауды оқы-
тушылар, студенттер және академиялық басшылық екі негізгі ака-
демиялық орган арқылы жүзеге асырады: (1) Академиялық сапа
мәселелері жөніндегі комитет, кеңес беруші әрі тексеруші орган
және (2) Академиялық кеңес, түпкілікті шешім қабылдайтын ор-
ган. Академиялық сапа жөніндегі комитет академиялық кеңеске
бағынады және оған есеп береді. Әрбір комитетке бакалавриат, ма-
гистратура және докторантура бағдарламаларының білім алушы-
ларынан ең кемінде екі өкілден, сондай-ақ барлық мектептердің
оқытушылары кіреді. Бұл ұсынылған білім беру бағдарламасының
ашық және бейтарап (әділ) тексерілуіне ықпал етеді. Сонымен қа-
тар бірлескен жұмыс ортасын құруға жағдай туғызып, оқытушылар
мен студенттерге оқу жоспарын жасауға мүмкіндік береді (Healey
et al., 2014)
150
.
Бағдарлама бекітуден сәтті өткеннен кейін оны құрған жұмыс
топтары
Бағдарлама жөніндегі нұсқаулық әзірлейді, онда бағдарла-
маның барлық қыр-сыры мен артықшылықтары, оқыту барысын-
дағы ілгерілеу мен бағдарламаны аяқтау өлшемшарттары, студент-
терді қолдау қызметтері жайында айтылады. Бағдарлама жөніндегі
бұл нұсқаулық жалпыға қолжетімді ресурстарға салынады. Төмен-
де берілген 23-суретте аталған үрдістер көрсетіледі (2020 жылдың
маусымынан бастап пайдаланылады).
150
Healey, M., Flint, A., and Harrington, K. (2014).
Engagement Through Partnership: Students as Partners
in Learning and Teaching in Higher Education. York: Higher Education Academy. https://www.advance-he.
ac.uk/knowledge-hub/engagement-through-partnership-students-partners-learning-and-teaching-higher