Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан



Pdf көрінісі
бет17/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   135
1.4 Жұмыс берушілердің болжалы
Қазіргі таңда экономикада салмақты ілгерілеу – төртінші өнер-
кәсіптік төңкеріс байқалады. Дүниежүзілік экономикалық форум-
ның (WEF) негізін қалаушы әрі төрағасы, «Төртінші өнеркәсіптік 
төңкеріс» кітабының авторы Клаус Шваб оны «табиғи (шынайы), 
цифрлық және биологиялық салалар арасындағы шекараны бұза-
тын технологиялардың үйлесімі» ретінде сипаттайды»
16
.
Бұл тұжырымдаманың тағы бір атауы – «4.0 Индустриясы», 
оның негізі – өнеркәсіпті цифрландыру. Жаңа экономикадағы ба-
сты құндылық – нақты өнімдер емес, мәліметтер. Экономикалық 
өсім қазіргі кезде капитал мен табиғи ресурстарға емес, инноваци-
ялар мен адам қиялына негізделген. 4.0 Индустриясы – экономи-
каның ғаламторға қосылған заттардың/ нысандардың саны әлем 
тұрғындарынан да көп болатын кездегі жағдайы. 
Қоғамға еніп келе жатқан технологиялық құрылыстың 
бұрынғыдан түбегейлі айырмашылығы оның конвергентті жа-
ратылысы болып табылады. Нано-, био-, ақпараттық-, когнио- 
және әлеуметтік технологиялардың (NBICS-конвергенция) бірігуі 
ауқымдылығы бойынша барлық алдыңғы өнеркәсіптік төңкерістен 
асып түсетін орасан зор өзгерістерді уәде етеді. Ақпараттық-ком-
муникациялық технологиялар аталған үрдісте байланыстырушы 
рөл атқарады. Олардың салыстырмалы түрде тез арзандауы және 
жаппай таралуы да жаңа өнеркәсіптік төңкерісті көбінесе авто-
маттандыру саласындағы жарқын жаңалықтар (Заттар ғаламторы, 
16
Schwab, K. (2016). The Fourth Industrial Revolution. New York: Crown Publishing Group


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
28
ауқымды деректер, 3D басып шығару, жасанды интеллектісі бар 
алуан түрлі роботтар және т.б.) арқылы сипаттауға және кейде то-
лығымен цифрландыруға алып келеді (1-сурет).
Ғасырдан ғасырға ұласып келе жатқан жаңа техникалық 
жетістіктер әртүрлі уақытқа созылған өнеркәсіптік төңкерістер-
ге әкелді. Егер алдыңғы өнеркәсіптік төңкерістердің нәтижесінде 
адамдарды жұмыспен қамту көлемі артса, бұл жолы ондай нәти-
же болмауы да мүмкін. 4.0 Индустриясы еңбек нарығын өзгертеді. 
Автоматтандыру көбінесе күнделікті қайталанып жалықтырған не-
месе ауыр физикалық күшті қажет ететін жұмыстарда адам еңбе-
гін алмастырады. McKinsey сарапшылары «Автоматтандыру, еңбек 
өнімділігі және нарығы» атты есебінде ең алдымен, көк жағалы-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет