Назарбаев Университетінің
Жоғары білім беру мектебі
95
Курста жұмсалатын оқыту және білім беру әдістері курстың
нәтижелеріне сәйкес келуі және оларға қол жеткізуге көмектесуі
керек. Олар студенттерді ынталандырып, сабаққа қатысып отыруға
қызығушылықтарын оятып, олардың оқу үдерісінде белсенділік та-
нытуына және курстың оқу нәтижелеріне қол жеткізуіне жәрдем-
десуі тиіс. Таңдалған әдістер студенттердің әртүрлі
топтары мен
санаттарының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін инклюзивті
болуы керек.
Оқыту және білім беру мәселелері 5-тарауда толығырақ қара-
стырылады.
Құрылымы
Курстың құрылымы білім беру бағдарламасының бөлігі ретін-
де жоспарланған оқытуды ұйымдастыру көлемі мен үлгісін ескеруі
керек. Студенттер таңдаған оқу материалын игеруі үшін ең қолай-
лы тепе-теңдік пен сабақ түрлерін таңдауға назар аудару керек.
Оқытудың бұл аспектілері нақты бір оқытушының педагогикалық
тұжырымдарына байланысты болуы мүмкін
немесе бағдарлама-
лық не жалпы университеттік стратегиядан туындауы да мүмкін.
Студенттің оқу жүктемесі
Еуропалық жоғары білім беру кеңістігінде (EHEA) ECTS кре-
диттік жүйесі дәрістер, зертханалық жұмыстар түріндегі сабақта-
рын, оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін сабақтарды, сту-
денттің өздік жұмысын және зерттеу
жұмыстарына негізделген
сабақтарды қоса алғанда, курстың оқу сағаттарының жалпы санын
көрсетеді. ECTS-тің бір несиесі сабақ уақытының 25-30 сағатына
сәйкес келеді. Демек алты несиелік курста 150-180 сағаттық сабақ
уақыты болуы керек, олардың үштен бірі академиялық (байланыс)
сағат болуы мүмкін.
Сабақ уақытының жалпы көлемі білім беру мен оқытудың түр-
лі әдістеріне сәйкес бөлінуі керек. Мысалы ECTS 6 несиелік курсы
үшін оқыту әдістері мен байланыста болу сағаттары 5-кестеде көр-
сетілген үлгіде ұсынылуы мүмкін.
Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
96
Студенттің оқу жүктемесі – сабақ түрлеріне
негіздей отырып,
сағаттарды бөлу
Достарыңызбен бөлісу: