Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


Курс оқытушысымен өзара қарым-қатынас



Pdf көрінісі
бет52/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

5. Курс оқытушысымен өзара қарым-қатынас
Оқытушылар студенттерді оқытуға қызығушылық танытады, 
пікірталастарға қатысады және оқуға ықпал етеді. Олар сту-
денттердің бірлесіп әрекет етуіне көмектеседі, қосымша ақпа-
рат береді, сонымен қатар уақтылы әрі сапалы кері байланы-
сты қамтамасыз етеді.
6. Курстастармен өзара әрекет жасау 
Оқытушылар студенттердің өзара бірлескен іс-қимылын қамта-
масыз ету үшін мүмкіндіктер мен технологияларды ұсына оты-
рып, белсенді оқу мен бірлесіп жұмыс істеуге ықпал етеді.
7. Курстың мазмұнымен өзара әрекеттесу 
Оқытушылар қол жетімді және интерактивті оқу материа-
лымен студенттердің өзара байланысын жақсартады. Олар 
сұхбаттасады, сыни рефлексия мен талдау жасайды, негізгі 
мазмұнды анықтайды және оқу үдерісінің мазмұнын ұсынады.
8. Оқу үдерісінің жабдықталуы 
Курс оқу үдерісінің оқу материалдары, құралдары, аудио-бей-
не ресурстары және оқу қызметінің түрлері тұрғысынан жа-
рақтандырылуын қамтамасыз етеді.


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
98
Білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету 
және арттыру
Сапалы болуын қамтамасыз ету және оны арттыру мәселелері 
бағдарламалар мен курстарды әзірлеу үрдісінің бөлігі болып табыл-
майтындығына қарамастан, оқытушылар бағдарламаның сапасын 
қамтамасыз ету және арттыру мәселелерін ескеруі тиіс. Сапаны 
қамтамасыз ету стандарттарды орнатуға және қолдауға бағытталған, 
ал сапаны арттыру – студенттердің оқу тәжірибесін үнемі жақсар-
тып отыру үдерісі. Екі мәселе де бағдарламалық және институцио-
налдық аккредиттеудің басты талаптары болып табылады (7-сурет).
7-сурет. Білім беру бағдарламалар сапасын қамтамасыз ету үдерісі
Студенттердің бағдарлама бойынша, әсіресе, оқу нәтиже-
лерінің жетістіктерін растауға арналған әдістер жасауы маңыз-
ды. Бұл үрдістің бірінші кезеңі бағдарламалар мен курстардың 
құрылымдық сәйкестендірумен қамтамасыз етілуі болып табыла-
ды. Бағдарлама мен курстың ерекшеліктері осы маңызды аспектіні 
көрсетуі керек.
Жоғары білімнің Еуропалық кеңістігінде сапаны қамтамасыз 
ету бойынша стандарттар мен ұсынымдар
74
(ESG 2015; Бірінші 
74
https://enqa.eu/index.php/home/esg/
Бағдарлама және 
курс әзірлеу
Бағдарлама және 
курс оқыту
Сапалы болуын 
қамтамасыз ету
Сапасын 
арттыру


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
99
бөлім – Сапаны ішкі қамтамасыз ету жөніндегі стандарттар мен 
басшылық нұсқаулар) сапаның институционалдық жүйелерін әзір-
леу және бағалаудың бағдары ретінде қызмет етеді.
ESG 2015-те (Бағдарламаларды әзірлеп, бекітуге арналған 
тиісті стандартта мыналар айтылады:
«Оқу орындарында өз бағдарламаларын әзірлеу және бекіту 
жұмыстары жүргізілуі керек. Бағдарламалар оқытудан күтілетін 
нәтижелерді қоса алғанда, оқу орнының алдына қойған міндет-
теріне сәйкес келетіндей етіп әзірленуі тиіс. Бағдарлама аяқталған-
нан кейін студентке берілген біліктілік нақты анықталуы және 
көрсетілуі керек. Біліктілік жоғары білім беруге арналған ұлттық 
біліктілік жүйесінің тиісті деңгейіне лайықты және Еуропалық 
жоғары білім беру кеңістігінің (QF EHEA) біліктілік жүйесіне сәй-
кес келуі керек». 
Сәйкесінше күтілетін үміттер мынадан тұрады, бағдарламалар 
институционалдық стратегиямен сәйкестендірілген және оқыту-
дың нақты нәтижелері болады; студенттерді және өзге де мүдделі 
тұлғаларды жобалау үрдісіне араласуға тартады; сыртқы сарапта-
ма мен бағдарлардың пайдасын ескереді; студенттің алдағы оқу 
жүктемесін анықтайды (ECTS-те) және ресми түрде институцио-
налдық келісім алады.
Бағдарламаларды үнемі бақылау және оларға мерзімді шолу 
жасау үшін стандарт мыналарды белгілейді:
«Оқу орындары өздерінің алға қойған мақсаттарына қол жет-
кізетініне және студенттер мен қоғамның қажеттіліктерін қанағат-
тандыратынына кепілдік беру үшін өздерінің бағдарламаларын 
бақылап, белгілі бір мерзімде қайта қарап отыруы керек. Бұл шолу 
жұмыстары бағдарламаның үнемі жақсарып отыруына әкелуі ке-
рек. Жоспарланған немесе шолу нәтижесінде қабылданған кез кел-
ген іс-әрекет барлық мүдделі тараптарға құлағдар етілуі тиіс».
Осы стандартқа байланысты күтулетін нәтижелер лайықты 
түрде оқытуды қамтамасыз етіп, қолайлы әрі тиімді оқыту аясын 
құру мақсатында бағдарламаларды тұрақты түрде бақылап отыру, 
шолу жасау және қайта қарау қажеттілігіне негізделген. Әдетте 
бағдарламаның қайта қаралған сипаттамалары жарияланады. Бұл 
бағдарламаның соңғы зерттеулер тұрғысынан қарағандағы мазмұ-
ны; қоғамның өзгеріп отыратын қажеттіліктері; студенттердің оқу 


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
100
жүктемесі, ілгерілеуі мен үлгерімі; бағалау рәсімдерінің тиімділігі; 
студенттердің үміттері, қажеттіліктері мен қанағаттануы; студент-
тердің оқу ортасы және қолдау жүйесі секілді аспектілерді бағала-
уды қарастырады. 
Осылайша Еуропалық жоғары білім беру кеңістігінің (ESG, 
2015) сапаны қамтамасыз ету стандарттары мен ұсыныстарынан 
біз нәтижелерге негізделген және студенттерге бағытталған 
бағдарламалар мен курстарды әзірлеу тәсілдерінің маңыздылығы 
мен табандылығын, сондай-ақ сапаны қамтамасыз ету мен жетіл-
дірудің кешенді тетіктерінің болуы қажеттілігін көреміз.
Жетекші қағидаттарда академиялық адалдық, оқыту нәтиже-
лері бойынша бағалау келісімі, студенттер контингентінің әртүр-
лілігіне құрмет, оқыту және білім беру әдістерінің икемділігі, сон-
дай-ақ оқытушылар құрамының кәсіби дамуы сынды аспектілердің 
маңыздылығы атап өтіледі. Бұл тақырыптар келесі тарауларда то-
лығырақ қарастырылады.


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
101
Оқытушы немесе әкімші ретінде өзіңіз қатысатын бағдарла-
малар мен курстарға талдау жасаңыз. Ең дұрысы, бағдарлама-
ны немесе курсты әзірлеу тобының бір мүшесі ретінде келесі 
сұрақтар туралы ойланыңыз. Бұл сұрақтарға берген жауапта-
рыңыз оқу жоспарларын жақсарту үшін пайдалы болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет