Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан



Pdf көрінісі
бет54/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

I V Т А Р А У
Бағалау


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
105
Шолу 
Бағалаудың мақсаты әрбір студентке несие алу немесе білік-
тілік беру үшін оларды оқу нәтижелеріне қол жеткізу деңгейін 
көрсету мүмкіндігімен қамтамасыз ету болып саналады. Осыған 
байланысты бағалаудың мөлшері, мерзімі және сипаты маңызды 
компонент бола алады.
Студенттердің дауысы университеттердегі бағалау тәжіри-
бесінде өзгерістер енгізудің негізгі қозғаушысы болды. Сонымен 
қатар бағалауға дәстүрлі фокустан, бірінші кезекте білім мен 
түсінікті бағалаудан, оған дағдылар (әсіресе танымдық) мен кәсі-
би қасиеттер (атрибуттар) / қатынастар кіретін бағалауға көшу де 
негізгі қозғаушы күш болды. Дэвид Боуд жиырма бес жыл бұрын 
атап өткендей, «студенттер нашар оқытудың салдарынан құтыла 
алады, бірақ олар... нашар бағалаудың салдарынан құтыла алмай-
ды»
75
. Бұған жауап ретінде университеттер бағалау тәсілдеріне ай-
тарлықтай өзгерістер енгізді. Алайда бағалау студенттер арасында 
жүргізілген сауалнама мен кері байланысқа берген жауаптарында 
жиі сынға ұшырайтын білім беру үдерісінің негізгі бағыттарының 
бірі болып қала береді.
Бұл тарауда біз заманауи университеттердің тәжірибеде ең 
үздік деп саналған бағалау тәсілдерін қарастырамыз.
75
Boud, D. (1995). Enhancing Learning Through Self Assessment. London: Kogan Page


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
106
4.1 Бағалау қағидалары
Жақсы бағалау:
• білім алушылардың курс және бағдарлама бойынша оқыту 
нәтижелеріне қол жеткізу қабілетін бағалау;
• барлық студенттерге қолжетімді болу;
• әр студентке өз жетістіктерін көрсетуге теңдей мүмкіндік 
беру;
• студенттерді сабаққа қатысуға, оқуға, білімін арттыруға 
және алға ұмтылуға ынталандыру керек.
Тапсырмаларға негіздеме беру, оқу материалының мазмұнын 
және оның студент үшін маңыздылығын түсіндіру (курс бойын-
ша оқыту нәтижелері мәнмәтінінде) жақсы бағалау тәжірибесінің 
іргелі компоненті болып табылады. Бағалау тапсырмаларының 
көлемі мен ауқымы оқыту нәтижелеріне сәйкес келуі керек, ал 
өзін-өзі бағалау бір ғана курстың аясында да, сондай-ақ барлық 
курс арасында да өзгеріп отыруы керек.
Бағалау үрдісі курста оқу нәтижелеріне қол жеткізуге ұмтылуы-
на қарай білім алушылардың оқуын одан әрі жақсартуға көмекте-
су үшін оларға кері байланыс алу мүмкіндігін беруі тиіс. Бағалау 
студенттің оқудағы соңғы жетістіктерінің әділ және айқын бейнесі 
болуы тиіс. Бағалау үрдісі студенттердің оқу нәтижелеріне қол 
жеткізу деңгейлерінің арасындағы айырмашылықтарды анықта-
уға мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастырылуы тиіс (белгі дес-
крипторларына сәйкес).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет