Үлкен топтарда оқыту
Үлкен аудиториялардағы дәрістердің тиімділігі және универ-
ситеттің қолжетімді инфрақұрылымы (оқу кеңістігі) жақын бола-
шақта оқытудың түрі ретінде өзекті болудан қалады деген болжам
бар. Сондықтан үлкен топтарда оқытуды оңтайландыру маңыз-
ды міндет болып қала бермек. Мортон (2003)
114
пайдалы дәрістің
төмендегідей ерекшеліктері болады деп болжайды:
• дәріс ақпаратқа толы және қызықты;
• дәріс жақсы ұйымдастырылған және түсіну оңай;
113
http://www.buffalo.edu/ubcurriculum/ubportfolio/NewDigication.html
114
Morton, A. (2007) ‘Lecturing to Large Groups’, in H. Fry, S. Ketteridge, & S. Marshall, S. (Eds.), A
Handbook for Teaching and Learning in Higher Education, Enhancing Academic Practice, 3rd ed.
Routledge, London and New York, pp 58 -71
• Жақсы тәжірибеге негізделген кеңес
Оқу барысының рефлексивті компоненттерін курстағы қалыптасты-
рушы және жиынтық бағалауға біріктіріңіз.
Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
158
• студенттер дәлелдеменің одан әрі қалай дамитынын немесе
оқу материалының логикалық тізбегін түсінеді;
• студенттер өздерінде қызығушылық пайда болғанын сезінеді;
• студенттер тапсырмаларды орындауға ынталы;
• дәріс аяқталғаннан кейін студенттер бір нәрсе үйренген-
дерін түсініп, ол туралы көбірек білгілері келеді.
Студенттердің дәрістерге қатысуын оқытудың тиімді стратеги-
ялары арқылы арттыруға болады, оның ішінде:
• дәріс барысында сұрақтарды тиімді пайдалану;
• студенттер қойылған міндеттерді өздері шешеді, содан кей-
ін орындаған тапсырмасын өз курстастарымен бөліседі;
• студенттер электронды түрде, жауап жүйелерін («кликер-
лер») немесе Kahoot
115
сияқты онлайн қосымшаларды сы-
ныпта қолдана отырып, бірнеше жауап нұсқалары ішінен
жауабы таңдалатын сұрақтар бойынша дауыс береді;
• студенттер қысқа бейнероликтер мен басқа мультимеди-
ялық материалдарды қарап, содан кейін көрген материал-
дарының негізінде нақты тапсырмаларды орындайды;
• студенттер қатысатын көрсетілімдерді пайдаланады;
• білім берудің инклюзивтілігін ескере отырып, электрондық
таныстырылдарды тиімді пайдаланады (слайдтар санын
барынша азайту, алаңдататын суреттер мен күрделі гра-
фиктік ақпаратты пайдалануға жол бермеу, барлық білім
алушылар үшін ыңғайлы оқылуын қамтамасыз ету, мар-
керлер форматын шамадан тыс көп пайдалануға жол бер-
меу, түсінуді жақсартатын анимацияларды пайдалану және
кіріктірілген мультимедиялық материалдарды пайдалану).
Оқытудың микро деңгейінде студенттерді оқу үдерісіне қызықты-
ру әдістерінің мысалы ретінде мыналарды айтуға болады: байланыс
диаграммасын жасау («mind mapping») және инфографика сызу,
«SWOT талдау» стратегиялық жоспарлау әдісі, «PEST талдау» сыртқы
ортаны талдау әдісі, сондай-ақ «Gap талдау» стратегиялық талдау әдісі.
Бұл әдістер талдау, синтез жасау және бағалау дағдыларын дамыта-
ды. Философия сияқты пәндерде Сократ әдісі қолданылуы мүмкін, ал
Дельфи әдісі студенттердің білім беруге қатысты зерттеулер жүргізуі-
не, мысалы мақсат-міндеттерді жете зерттеуде қолданылуы мүмкін.
115
https://kahoot.com/
Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
159
Достарыңызбен бөлісу: |