Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан



Pdf көрінісі
бет90/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

Үлкен топтарда оқыту
Үлкен аудиториялардағы дәрістердің тиімділігі және универ-
ситеттің қолжетімді инфрақұрылымы (оқу кеңістігі) жақын бола-
шақта оқытудың түрі ретінде өзекті болудан қалады деген болжам 
бар. Сондықтан үлкен топтарда оқытуды оңтайландыру маңыз-
ды міндет болып қала бермек. Мортон (2003)
114
пайдалы дәрістің 
төмендегідей ерекшеліктері болады деп болжайды:
• дәріс ақпаратқа толы және қызықты;
• дәріс жақсы ұйымдастырылған және түсіну оңай;
113 
http://www.buffalo.edu/ubcurriculum/ubportfolio/NewDigication.html
114 
Morton, A. (2007) ‘Lecturing to Large Groups’, in H. Fry, S. Ketteridge, & S. Marshall, S. (Eds.), A 
Handbook for Teaching and Learning in Higher Education, Enhancing Academic Practice, 3rd ed. 
Routledge, London and New York, pp 58 -71
• Жақсы тәжірибеге негізделген кеңес
Оқу барысының рефлексивті компоненттерін курстағы қалыптасты-
рушы және жиынтық бағалауға біріктіріңіз. 


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
158
• студенттер дәлелдеменің одан әрі қалай дамитынын немесе 
оқу материалының логикалық тізбегін түсінеді;
• студенттер өздерінде қызығушылық пайда болғанын сезінеді;
• студенттер тапсырмаларды орындауға ынталы;
• дәріс аяқталғаннан кейін студенттер бір нәрсе үйренген-
дерін түсініп, ол туралы көбірек білгілері келеді.
Студенттердің дәрістерге қатысуын оқытудың тиімді стратеги-
ялары арқылы арттыруға болады, оның ішінде:
• дәріс барысында сұрақтарды тиімді пайдалану;
• студенттер қойылған міндеттерді өздері шешеді, содан кей-
ін орындаған тапсырмасын өз курстастарымен бөліседі;
• студенттер электронды түрде, жауап жүйелерін («кликер-
лер») немесе Kahoot
115
сияқты онлайн қосымшаларды сы-
ныпта қолдана отырып, бірнеше жауап нұсқалары ішінен 
жауабы таңдалатын сұрақтар бойынша дауыс береді;
• студенттер қысқа бейнероликтер мен басқа мультимеди-
ялық материалдарды қарап, содан кейін көрген материал-
дарының негізінде нақты тапсырмаларды орындайды;
• студенттер қатысатын көрсетілімдерді пайдаланады;
• білім берудің инклюзивтілігін ескере отырып, электрондық 
таныстырылдарды тиімді пайдаланады (слайдтар санын 
барынша азайту, алаңдататын суреттер мен күрделі гра-
фиктік ақпаратты пайдалануға жол бермеу, барлық білім 
алушылар үшін ыңғайлы оқылуын қамтамасыз ету, мар-
керлер форматын шамадан тыс көп пайдалануға жол бер-
меу, түсінуді жақсартатын анимацияларды пайдалану және 
кіріктірілген мультимедиялық материалдарды пайдалану).
Оқытудың микро деңгейінде студенттерді оқу үдерісіне қызықты-
ру әдістерінің мысалы ретінде мыналарды айтуға болады: байланыс 
диаграммасын жасау («mind mapping») және инфографика сызу
«SWOT талдау» стратегиялық жоспарлау әдісі, «PEST талдау» сыртқы 
ортаны талдау әдісі, сондай-ақ «Gap талдау» стратегиялық талдау әдісі. 
Бұл әдістер талдау, синтез жасау және бағалау дағдыларын дамыта-
ды. Философия сияқты пәндерде Сократ әдісі қолданылуы мүмкін, ал 
Дельфи әдісі студенттердің білім беруге қатысты зерттеулер жүргізуі-
не, мысалы мақсат-міндеттерді жете зерттеуде қолданылуы мүмкін.
115 
https://kahoot.com/


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
159


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет