Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
171
Жоғары білімнің Еуропалық кеңістігінде сапаны
қамтамасыз ету бойынша стандарттар мен
ұсынымдар (ESG)
ESG еуропалық жоғары білім беру кеңістігінде (EHEA)
123
сапа-
ны қамтамасыз етуге және арттыруға арналған қуатты қозғаушы
күшке айналды. Құжатта жоғары білім берудегі ішкі және сыртқы
сапаны қамтамасыз ету стандарттары көрсетілген. Осы стандарт-
тарды табысты енгізуде жетекші қағидаттары ұсынылады. ESG
жақсы құрылымдалған индикаторлармен қамтамасыз етеді, олар-
ды университеттің ішкі сапасын қамтамасыз ету және арттыру
(СҚА) жүйесін әзірлеу кезінде ескеру қажет.
Ұлыбританияның Жоғары білім беру сапасы кодексі
Ұлыбританияның Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз
ету агенттігі (QAA) әзірлеген Біріккен Корольдіктің жоғары білім
беру сапасының кодексі университеттерге білім беру қызметтерін
ұсынуда қолдау көрсету үшін кеңес, ұсыныстарымен бірге болжал-
дардың, негізгі және жалпыға бірдей қабылданған тәжірибелердің
барлығын тұтастай қамтыған жиынтығын ұсынады. Британдық
QAA агенттігі Сапа кодексіне қосымша әртүрлі көмекші ресурстар
ұсынады
124
.
Достарыңызбен бөлісу: