Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық
мәселелеріне жауаптар
174
• жыл сайынғы және мерзімдік шолу жасау арқылы оқыту,
білім беру және бағалау сапасын үнемі жақсартып отыру;
• СҚА үрдістеріне үлес қосатын әріптестер ретінде қарасты-
рылуы
тиіс студенттерді қоса алғанда, сыртқы және ішкі
стейкхолдерлерді
жұмысқа тарту;
• студенттерге бағытталған тәсіл;
• дәлелденген шешімдер
негізінде шешім қабылдау;
• студенттерді оқытудың тиімді болуын қамтамасыз ету үшін
оқытушылық қызметтің сапасы бойынша бастамаларға
қолдау көрсету.
СҚА жүйесінің негізінде жатқан постулаттардың бірі – сапа
үдерісіне циклділік тән. «Сапа циклділігі» ұғымының әртүрлі мо-
дельде алуан түрлі болып көрінуі мүмкін болғандықтан, оның негіз-
гі қағидасын үнемі жетілдіріп отыру. Цикл қолданыстағы тәжірибе-
ге шолу, жақсартуы қажет бағыттарын анықтау, жоспарлау, енгізу,
бақылау жүргізу және жақсарту секілді нақты жүйелі кезеңдерден
тұрады. Кез келген әзірленген СҚА жүйесі қандай да бір нысандағы
сапа үдерісінің циклділігіне сәйкес келуі тиіс. Сонымен қатар ең
маңыздысы – ҚӨК үрдістері оқытушылар мен қызметкерлер үшін
бюрократиялық сипаттағы ауыртпалыққа айналмауы тиіс. Оның
орнына университеттің сапа жүйесі қолдау білдіретін және нұсқау
беретіндей болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: