Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан



Pdf көрінісі
бет95/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

6.1 Бенчмаркинг
Халықаралық бенчмаркинг – ең мықты және дәлелденген сапа 
көрсеткіштерінің бірі. Болон декларациясына қол қойған елдердің 
бірі бола отырып, Қазақстан Болон үдерісінің қағидаттарын өзінің 
ұлттық жоғары білім беру жүйесіне енгізді. Осы ықпалдастықпен 
бірге қазіргі уақытта ұлттық жоғары білімнің сапасы еуропалық 
сапа стандарттарымен салыстырылады. Төмендегі шектеулер ин-
ституционалды сапа жүйесін құруға көмек бере алады:
122 
Jones, S. (2003). Measuring the Quality of Higher Education: Linking Teaching Quality Measures at 
the Delivery Level to Administrative Measures at the University Level. Quality in Higher Education, 9(3), 
223-229
17-сурет. Сапаны қамтамасыз ету мен арттырудың арасындағы теңгерім
Сапаны арттыру 
Сапаны қамтамасыз ету


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
171
Жоғары білімнің Еуропалық кеңістігінде сапаны 
қамтамасыз ету бойынша стандарттар мен 
ұсынымдар (ESG)
ESG еуропалық жоғары білім беру кеңістігінде (EHEA)
123
сапа-
ны қамтамасыз етуге және арттыруға арналған қуатты қозғаушы 
күшке айналды. Құжатта жоғары білім берудегі ішкі және сыртқы 
сапаны қамтамасыз ету стандарттары көрсетілген. Осы стандарт-
тарды табысты енгізуде жетекші қағидаттары ұсынылады. ESG 
жақсы құрылымдалған индикаторлармен қамтамасыз етеді, олар-
ды университеттің ішкі сапасын қамтамасыз ету және арттыру 
(СҚА) жүйесін әзірлеу кезінде ескеру қажет.
Ұлыбританияның Жоғары білім беру сапасы кодексі
Ұлыбританияның Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз 
ету агенттігі (QAA) әзірлеген Біріккен Корольдіктің жоғары білім 
беру сапасының кодексі университеттерге білім беру қызметтерін 
ұсынуда қолдау көрсету үшін кеңес, ұсыныстарымен бірге болжал-
дардың, негізгі және жалпыға бірдей қабылданған тәжірибелердің 
барлығын тұтастай қамтыған жиынтығын ұсынады. Британдық 
QAA агенттігі Сапа кодексіне қосымша әртүрлі көмекші ресурстар 
ұсынады
124
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет