Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық
мәселелеріне жауаптар
172
Дублин дескрипторлары
Дублин дескрипторлары белгілі
бір академиялық дәрежеге
қатысты оқытудан күтілетін нәтижелер туралы жалпы ақпарат бе-
реді. Бұл Болон декларациясына сәйкес циклдің аяқталуын немесе
оқу деңгейін көрсетеді
125
.
Аккредиттеуге қойылатын талаптар
Аккредиттеу стандарттары басқарумен,
ресурстармен және
инфрақұрылыммен, сондай-ақ білім беру бағдарламасын әзірлеу-
ге қатысты институционалдық жетілдірудің тұрақты тәжірибесіне
жетекшілік ете алады. Білім беру бағдарламасын ашуға берілетін
өтінімдердің жобалары ең басынан бастап әлеуетті аккредиттеу
агенттіктерінің (оқу бағдарламаларының мазмұны, бағдарламалар
бойынша оқыту нәтижелері, бағалау) талаптарына сәйкес әзірлеу-
ге кеңес беріледі.
Осы саладағы халықаралық сапамен қамтамасыз ету қауымда-
стықтарының ішіндегі негізгі ірілері – Британдық QAA агенттігі,
Еуропалық жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету қауымда-
стығы (ENQA), Жоғары білім беруді аккредиттеу Кеңесі (CHEA)
және АҚШ білім беру департаменті. Қазақстандық екі аккредиттеу
агенттігі, Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі (ТАРА) және
Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік
(БСҚТА) сапаны қамтамасыз ететін Еуропалық тізілімінің (EQAR)
бір бөлігі болып табылады және ESG стандарттарына сәйкес жұ-
мыс істейді.
Халықаралық бенчмаркинг жүйелерінің алуан түрлілігіне
және олардың өзіндік ерекшеліктеріне қарамастан, бір-біріне өте
ұқсас. Бенчмаркингке негізделген салыстырмалы талдау ОПК жүй-
есі үшін өте маңызды болып табылады, өйткені ол рефлексияны
ынталандырып, жақсы өзгеріс орын алуына себепші болуы мүмкін.
125
http://ecahe.eu/w/index.php/Dublin_Descriptors