Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет155/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Оңтүстік бұрыштама
Оңтүстік бұрыштаманың астының 
орталық бөлігінде сандық, атау жəне сызықтық масштабтары 
орналасады. Сызықтық масштаб сандық масштабтың сызықтық 
кескіні болып табылады. Оны пайдаланып штангенциркульдың 
көмегімен картадағы екі нүктенің ара қашықтығы мен 
координаттың созылуы өлшенеді. Сызықтық масштабтың астын-
да тұтас готизонтальдар 10 метрден кейін жүргізілген деген сөз 
жазылады. Екінші жазу картадағы нүктелердің абсолют биіктігін 
есептеу Кронштад футштогындағы нөл-пункттен басталаты-
нын білдіреді. Сызықтық масштабтың оң жағында жергілікті 
жердегі жер бедерінің көлбеулігін анықтау қызметін атқаратын 
горизонталь аралық ұзындық графигі орналасқан. Горизонталь 
аралық ұзындық графигі екі шкаладан тұрады. Оң жағындағы 
шкала белесті жазық жерлердегі беткейлердің көлбеулігін, 
ал сол жағындағы шкала тау беткейінің көлбеулігін өлшеу 
қызметін атқарады. Көршілес жатқан екі тұтас горизонтальдың 
арақашықтығын штангенциркульмен өлшеп алып, оның екі 
аяғының инелерінің горизонтаь аралық ұзындық графигінің 
сəйкес келетін өлшемімен түйіліскен жеріндегі сандық шаманың 
көмегімен таулы немесе белесті жазықтардағы беткейдің 
көлбеулігін есептейді. 
Сандық масштабтың сол жағында меридиандарды жақындату 
мен ауытқу бұрыштарының сызбанұсқасы орналасады. Оның 
сол жағында карта құрылған жылғы меридиандарды жақындату 
мен ауытқу бұрыштарының деректері жазылады. Бұл деректер 
арқылы бағдарлау үшін картаны пайдалану сəтінде тұсбағдар 
тілінің координаттар торының сызығанан магниттік ауытқуын 
есептеп шығаруға болады. Шығыс бұрыштаманың астында 
картаны кескіндеу əдісі мен басуға дайындалған жəне баспа-
дан шыққан мерзімі, орындаушылар мен саралаушының аты-
жөндері жазылады.
Батыс бұрыштама.
Бұрыштамаға бағыттас əртүрлі түспен 
берілген нүктелерден тұратын бағана түріндегі картаның тара-
лымын бастырған топтың белгісі қойылады. Шығыс бұрыштама 


262
сияқты безендірілмейді. Тек картада көрсетілмеген құрамдас бө-
лік тер жөнінде 3-4 жолға сиятындай қосымша деректер беріледі. 
Мы са лы: көктемде тас жолдан тыс жерлерде автокөліктер жүре 
ал май ды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет