Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет151/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

7.3 сурет.
Ірі масштабты топографиялық картада масштабтың белгіленуі
Сызықтық масштаб
 а
- сызықтық масштабтың толық негіздері, 
b
-сызықтық масштабтың дəлдік негізі
7.3 суретте көрсетілгендей сызықтық масштабтың 1 см 
бөлінген бір негізі 1 шақырым ал оның дəлдігі 100 метрге, ал 
дəлдіктің шегі 10 метрге тең болады.
Сыналы масштаб. Ірі масштабты карталарда арақашықтықты 
дəл өлшеу үшін сыналы жəне көлбеу масштабтар қолданылады. 
Сыналы масштаб теңдей он бөлікке бөлінген 
АВО
тік бұрышты 
үш бұрыштан тұрады. 
ВО
қиындысына бүтін саннан тұратын метр 
есебімен алынған арақашықтықтар жазылады. АО қимасына əр 
негіздің əріптік белгілері жазылады. Мысалы, 1:25000 масштаб-
ты картаның ара қашықтығы 1 шақырым болатын нүктелердің 
сыналы масштабын тұрғызу үшін 4 сантиметр болатын 
АВ
түзуін 
сызып аламызда ұзындығы 6 сантиметр болатын
ВО
тік сызығын 
жүргізіп, 
АО
нүктесімен қосамыз. Содан соң 
АВО
нүктелерінің 
аралығын теңдей он бөлікке бөліп, көлденең түзу жүргізеді.
Əр түзудің оң жағына картаның масштабына сəйкес келетін 
метр есебімен алынған ұзындықтары, ал сол жағына əріптік 
көрсеткіштерін жазады. Сыналы масштаб құрылып болған 
соң картаның бетіндегі АВ нүктелерінің арақашықтығын 


256
штангенциркульдің көмегімен өлшеп алып, оң жақ аяғының 
инесін 
ВО
, сол жақ аяғының инесін 
АО
сызығына қойып 
нольдік көрсеткіштен бастап штангенциркульдің екі ұшы сына-
лы масштабтың тік жəне көлбеу сызықтарымен қиылысқанша 
біртіндеп жылжытады.
Циркульдің екі ұшының сыналы масштабтың тік жəне 
көлденең сызықтарымен түйліскен жеріндегі сандық көрсеткіш 
екі нүктенің ара қашықтығы болып табылады.
Ірі жəне орта масштабты карталарда қолданылатын көлбеу 
масштаб. Ірі масштабты карталарда арақашықтықты дəл өлшеу 
үшін көлбеу масштаб қолданылады.
Сызықтық жəне сыналы масштабтардың жиынтығын 
көлбеу 
масштаб
дейміз. Көлбеу масштаб 
АВ
түзуінің бойына 2 сантиметр-
ден тұратын сызықтық масштабтың бірнеше толық жəне бір дəл-
дік негізін сызу арқылы құрылады. 
А
жəне 
В 
нүктелерінен биік-
тігі 2 сантиметрлік перпендикуляр тұрғызып, оның екі шеті нен 2 
мм теңдей он бөлікке бөліп параллель сызықтар жүр гізеді. Содан 
кейін көлбеу масштабтық нольдік көрсеткішінің сол жағындағы 
дəлдік негіздің астымен үстінен 2 мм 10 бөлікке бө лінген көлбеу 
сызықтар жүргізеді. Көлбеу сызықты жүргізуді о нүк 
тесімен 
r нүктесін қосудан бастау қажет. Көлбеу масштабтың ноль 
дік 
көрсеткішінің сол жағындағы 
rd 
қиындысындағы көлбеу сызық-
тар 2см бөлінген толық негіздің 
1
10
бөлігіне, 
о d
қиын дысын дағы 
əрбір түзу сызықтар 
100
1
бөлігіне сəйкес келеді [7.4-сурет].
Көлбеу масштабының нольдік көрсеткішінің сол жағындағы 
көлбеу сызықтарды 
дəлдік негіздің оннан бір бөлігі
, АВ түзуіне 
бағыттас жүргізілген түзу сызықтарды 
дəлдік негіздің жүзден бір 
бөлігі
деп аталады.Ол толық негіздің жүзден бір бөлігіне тең бо-
лады. Ал дəлдік негіздің оннан бір бөлігі толық негіздің оннан бір 
бөлігіне сəйкес келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет