Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Гаусстың координаттар жүйесі



Pdf көрінісі
бет166/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Гаусстың координаттар жүйесі
. Декарттың координаттар 
жүйесінен айырмашылығы картографияда Гаусстың координат-
тар жүйесі (білігі аударылған) қолданылады. Мұнда экватордан 
нүктеге дейінгі арақашықтықты білдіретін абсцисса ретінде – Х , ал 
біліктік (орталық) меридианнан нүктеге дейінгі арақашықтықты 
білдіретін ордината ретінде – Y алынады [7.14-сурет].
Солтүстік жарты шарда абсциссаның мəні оң болады, ал 
оңтүстік жарты шарда көрсетілмей S. X
S
=5435863,0 индексі 
қойылады. Бұл жазу абсцисса экватордан оңтүстікке қарай есеп-
те лінеді деген мағынаны білдіреді.
Координатты есептеу барысында қолайсыз жағдайлар ту-
дырып, қателіктер кетуіне жол беретін əр аймақтың біліктік 
меридианның сол жағында орналасқан нүктелер ординатының 
теріс мəнімен істі болмас үшін геодезияда əр аймақтағы біліктік 
меридиан ординатын шартты түрде 500 шақырым (500 000 м) 
ретінде қабылдаған. Мұндай жағдайды енгізу біріншіден, əр 
аймақта ординаттың тек оң мəнге өтуіне; екіншіден, əр аймақтағы 
орди наттың абсолют мəнінің солдан оңға қарай артуына мүмкіндік 
бере ді. Мұндай ординаттар 
шартты
немесе 
түрлендірілген
деп 
ата лады. 
7.14-сурет
.
Координаттар білігінің бағыты. А-аймақтың тік бұрышты 
координатының біліктері жəне 7 аймақта орналасқан А В нүктелерінің 
координаттары; Ə – Картаның бір бетінің аймақтағы орыны (штрихталған) 
жəне зона шегіндегі тік бұрышты коордитаттар торының сызбасы


279
Нүкте ординатының бірдей мəні жер бетінің екі бұрышты 6° 
бөлінген 60 аймақтың əрбірінде кездесетіндіктен есептелінген 
ординаттардың алдына аймақтпрдың белгіленген реттік са-
нын қою қабылданған. Мысалы, 12 аймақтағы нүктелердің тік 
бұрышты координаты Х=5986326,0, Ү=12316175,0; ал оңтүстік 
жарты шардағы 6 аймақтікі Х=5934575,0, Ү=6516175,0 деп жазы-
лады. Тік бұрышты координатты толық жазғанда нүктенің абсцис-
сасы əрқашан экватордан қандай қашықтықта орналасқанын шын 
мəнінде көрсететінін есте сақтау қажет. Мысалы, Х=5986326,0 
саны берілген нүктенің экватордан 5986 шақырым 326 метр 
қашықтықта орналасқанын көрсетеді. 
Нүктенің ординаты əрқашан шартты мəнге ие болады жəне 
онда жазылатын жеті немесе сегіз мəнді сан сол нүктенің кез-
келген аймақтың біліктік меридианынан метр (шақырым) есебімен 
алынған қашықтығын білдіреді. Мысалы, біліктік меридианның 
сол жағында (батысында) орналасқан Ү=12316175,0 санындағы 
алдыңғы 12 аймақтың реттік санын, 316175,0 нүктенің сол 
займақтың біліктік меридианынанның сол жағында (батысын-
да) шартты түрде 316175,0 метр қашықтықта орналасқанын 
көрсетеді.
Ал оның біліктік меридианнан нақты қашықтығын есептеу 
үшін жоғарыда көрсетілген нүктенің ординаты Ү мəнінен 500 
000,0 санын аламыз. Сонда нүктенің біліктік меридианнан нақты 
қашықтығы ( 316175,0 -500 000,0=-183825,0 м ) -183825,0 м екені 
анықталады. 
Біліктік меридианның оң жағында (шығысында) орналасқан 
нүктенің ординаты Ү=6516175,0 санындағы 6 аймақтың реттік 
саны, 516175,0 нүктенің 6 аймақтың біліктік меридианның оң 
жағында (шығысында) орналасқан шартты түрдегі қашықтығын 
білдіреді. Сонда бұл нүктенің біліктік меридианнан нақты 
қашықтығы 516175,0 -500 000,0=+161175,0 м болады.
Ордината бойынша нүктенің аймақтың біліктік мерианының 
оң немесе сол жағында орналасқанын анықтау үшін 500 000 ша-
масын алғаннан соң аймақтың реттік санын шегергенде қалған 
сандарды бір-бірімен салыстырады. Егер қалған сан 500 000 кіші 
болса, біліктік меридианның сол жағында (батысында), үлкен 
болса оң жағында (шығысында), ал тең болса нүктенің біліктік 


280
меридиан бойында орналасқанын білдіреді [7.14-сурет]. Оны 
дəлелдеуге 4.5-суреттегі деректер мүмкіндік береді.
Мұндағы О нүктесі 12 аймақтың координатын есептеудің 
бастауы 
болып табылады +833963,0 жəне -833963,0 санда-
ры 6 аймақтың бір-бірімен симметриялы шеткі нүктелерінің 
экватордағы метр есебімен алынған нақты қашықтығы. Оларды 1° 
доғаның экваторда 111321 метр екенін ескере отырып есептейді. 
Онда біліктік меридианнан 3° қашықта орналасқан аймақтың 
шеткі нүктесінің (111 321,0м х 3) +500 000,0м=833963,0) мəні 
833963,0 м тең болады. Ординатты өлшеудің бастауы 500 000 
м өзгертілгендіктен бұл нүктенің шартты түрдегі қашықтығы 
166037 жəне 833963,0м тең болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет