277 7.13-сурет. Гаусс пен Крюгердің тең бұрышты көлденең цилиндрлі проек-
циясында жобаланған 6° сфералық екі бұрышты градус торлары
Цилиндрдің бүйір бетін жазықтыққа жайғанда проекциядағы
аймақтың айқын кескіні алынады. Əрбір екі бұрышты 6°
аймақтағы біліктік меридиан мен экватор бірін-бірі өзара перпин-
дикуляр түзу қиып өтеді. Ал қалған меридиандар мен параллель-
дер қисық болады [7.13-сурет].
Картографияда екі бұрышты 6° аймақты Гринвич меридиа-
нынан бастап шығысқа жəне батысқа 1-30 дейін арап санымен
белгілеу қабылданған. Қабылданған санмен белгілеу тік бұрышты
координат құрылған зонаны анықтауға мүмкіндік береді. «Ко-
лонна» түсінігі аймақпен тең мағынаға ие болғанымен, онда екі
бұрышты 6° аймақты санмен белгілеу Гривничке меридианына
қарама-қарсы 180° басталып, топографиялық картаның номен-
клатурасын көрсету үшін қолданылады.
Колоннадан аймақтың реттік санына немесе керісінше өту
үшін төменде берілген формуланы қолданған жеткілікті:
шығыс жарты шар үшін
N
к
= N
з
+30,
батыс жарты шар үшін
N
к
= N
з
-30.
Гаусс пен Қрюгердің əрбір аймағында координат білігі қыз ме-
тін жазықтықта бірін-бірі өзара перпендикуляр түзу қиып өтетін
біліктік меридиан мен экватор атқарады. Х білігі ретінде аймақ-
тың біліктік (орталық) меридианы Y білігі ретінде экватор қабыл-
дан ған.
Əрбір зонада координатты есептеудің бастауы ретінде біліктік
(орталық) меридиан мен экватордың түйіліскен нүктесі алынады.
Осыған орай жазықтықтағы аймақ шегіндегі кез-келген нүктенің
278 орны оның тік бұрышты координаты Х пен Y арқылы анықталады.
Əрбір аймақтың координатын құру мен оларды есептеудің баста-
уы дербес жүргізіледі.