279
Нүкте ординатының бірдей мəні жер бетінің екі бұрышты 6°
бөлінген 60 аймақтың əрбірінде кездесетіндіктен есептелінген
ординаттардың алдына аймақтпрдың белгіленген реттік са-
нын қою қабылданған. Мысалы, 12 аймақтағы нүктелердің тік
бұрышты координаты Х=5986326,0, Ү=12316175,0; ал оңтүстік
жарты шардағы 6 аймақтікі Х=5934575,0, Ү=6516175,0 деп жазы-
лады. Тік бұрышты координатты толық жазғанда нүктенің абсцис-
сасы əрқашан экватордан қандай
қашықтықта орналасқанын шын
мəнінде көрсететінін есте сақтау қажет. Мысалы, Х=5986326,0
саны берілген нүктенің экватордан 5986 шақырым 326 метр
қашықтықта орналасқанын көрсетеді.
Нүктенің ординаты əрқашан шартты мəнге ие болады жəне
онда жазылатын жеті немесе сегіз мəнді сан сол нүктенің кез-
келген аймақтың біліктік меридианынан метр (шақырым) есебімен
алынған қашықтығын білдіреді. Мысалы, біліктік меридианның
сол жағында (батысында) орналасқан Ү=12316175,0 санындағы
алдыңғы 12 аймақтың реттік санын, 316175,0 нүктенің сол
займақтың біліктік меридианынанның сол жағында (батысын-
да) шартты түрде 316175,0 метр
қашықтықта орналасқанын
көрсетеді.
Ал оның біліктік меридианнан нақты қашықтығын есептеу
үшін жоғарыда көрсетілген нүктенің ординаты Ү мəнінен 500
000,0 санын аламыз. Сонда нүктенің біліктік меридианнан нақты
қашықтығы ( 316175,0 -500 000,0=-183825,0 м ) -183825,0 м екені
анықталады.
Біліктік меридианның оң жағында (шығысында) орналасқан
нүктенің ординаты Ү=6516175,0 санындағы 6
аймақтың реттік
саны, 516175,0 нүктенің 6 аймақтың біліктік меридианның оң
жағында (шығысында) орналасқан шартты түрдегі қашықтығын
білдіреді. Сонда бұл нүктенің біліктік меридианнан нақты
қашықтығы 516175,0 -500 000,0=+161175,0 м болады.
Ордината бойынша нүктенің аймақтың біліктік мерианының
оң немесе сол жағында орналасқанын анықтау үшін 500 000 ша-
масын алғаннан соң аймақтың реттік
санын шегергенде қалған
сандарды бір-бірімен салыстырады. Егер қалған сан 500 000 кіші
болса, біліктік меридианның сол жағында (батысында), үлкен
болса оң жағында (шығысында), ал тең болса нүктенің біліктік
280
меридиан бойында орналасқанын білдіреді [7.14-сурет]. Оны
дəлелдеуге 4.5-суреттегі деректер мүмкіндік береді.
Мұндағы О нүктесі 12 аймақтың координатын есептеудің
бастауы
болып табылады +833963,0 жəне -833963,0 санда-
ры 6 аймақтың бір-бірімен симметриялы шеткі нүктелерінің
экватордағы метр есебімен алынған нақты қашықтығы. Оларды 1°
доғаның экваторда 111321 метр екенін ескере отырып есептейді.
Онда біліктік меридианнан 3° қашықта орналасқан аймақтың
шеткі нүктесінің (111 321,0м х 3) +500 000,0м=833963,0) мəні
833963,0 м тең болады. Ординатты өлшеудің бастауы 500 000
м өзгертілгендіктен бұл нүктенің шартты түрдегі
қашықтығы
166037 жəне 833963,0м тең болады.
Достарыңызбен бөлісу: