Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Жергілікті жерді карта бойынша оқыпүйрену



Pdf көрінісі
бет184/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Жергілікті жерді карта бойынша оқыпүйрену.
Топографиялық карта-жергілікті жер туралы мағлұмат беретін 
негізгі дерек көзі болып табылады. Оның көмегімен жергілікті 
жердің бүркеншіктік қасиеттері мен ондағы заттардың сандық 
жəне сапалық сипаттарын жедел анықтауға мүмкіндік туады. 
Картаны оқыпүйрену барысында картаны құрғаннан кейін сол 
жерде болған өзгерістерді де ескеру қажет.
Жергілікті жерді карта бойынша оқыпүйренуді картаның 
өзімен танысып, оны жұмысқа даярлаудан бастайды.
Картаны бағалау
. Картаны бағалау бұрыштаманың 
сыртындағы деректерге негізделіп масштабын, горизонталь 
аралық қима биіктігін, шығарылған жылын анықтаудан баста-
лады. Масштаб пен горизонталь аралық қима биіктігі жергілікті 
жердегі заттар мен жер бедерінің тетіктерінің кескінделу 
дəлдігінің дəрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Масштабтың 
мəніне сүйене отырып, жергілікті жердегі заттардың мөлшері мен 
олардың бір-бірінен қашықтығын жылдам анықтауға болады.
Картаның құрылған жылы туралы мəліметі қамтылған 
аумақтағы нысандардың қазіргі кезеңдегі шындыққа сəйкестігін 
анықтауға мүмкіндік береді. Бағытқа түзетуді жатқа білсең, 
дирекциондық бұрыштан магниттік азимутқа немесе картадан 
шақырымдық тор бойын бағдарлауға болады.
Картаны жұмысқа даярлау. 
Картаны жұмысқа даярлау кар-
таларды бір-бірімен жалғауды, көтеру мен қаттауды қамтиды.
Карталарды жапсыру
. Оқып үйренетін аумақ пен оған ба-
ратын бағыт іс жүзінде бірнеше картада болуы мүмкін. Ірі мас-
штабты картаның əр бетімен бөлек-бөлек жұмыс істеу қиындық 


312
тудыратындықтан оларды бір-біріне жапсыруға тура келеді. Ол 
үшін карталарды номенклатурасына сай іріктеп алып, кесетін 
жерлерін белгілеп, кесілмейтін бұрыштарын ғана қалдырып 
қалған бұрыштарын түгел кеседі де, бір-бірімен жалғайды. 
Көбінесе, карталарды алдымен колонналары бойынша, содан
соң оңнан солға қарай үстіңгі бетін астыңғы бетімен беттестіріп, 
бұрыш тамалары мен шақырымдық тордың кескіндерін бір-бірі-
мен беттестіріп желімдейді [8.12-сурет].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет