Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Су торлары . Су нысандары жергілікті жердің тілімделу  дəрежесін анықтайды. Ол сумен қамтамасыз етуге, су көлігімен  8.13-



Pdf көрінісі
бет186/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Су торлары
. Су нысандары жергілікті жердің тілімделу 
дəрежесін анықтайды. Ол сумен қамтамасыз етуге, су көлігімен 
8.13-
cурет.
Карталарды
қаттау


314
қозғалуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Картада су нысан-
дары жергілікті жердегі басқа заттардан айқын ажыратылатын 
көк түспен кескінделеді. 
Өзендер, көлдер, бұлақтар, каналдар, көлдер мен батпақтар 
сияқты табиғи кедергілерді оқыпүйрену барысында олардың 
енін, тереңдігін ағысының жылдамдығын, арнасының 
табанындағы шөгінді тау жыныстарының сипатын жағалауының 
ерекшеліктерін, көпірлердің саны мен олардың сипатын, тас 
бөгеттер мен өткелдерді анықтауға мəн беру қажет. Мысалы, 
1:100 000, 1:50 000, 1:25 000 масштабты оқу карталарында Соть 
өзені көрсетілген. Жазуының сипаты өзеннің жол қатынасына 
жарамдылығын айғақтайды. Бағдар сызықтағы сан ағысының 
жылдамдығының 0,1 м/с,
n
8
,
4
285
енінің 285 тереңдігінің 4,8 метр 
екенін, арнасының табаны құмды жыныстардан тұратынын 
көрсетеді. Андога, Голубая сияқты шағын өзендердің таба-
нын түзетіп шөгінді жыныстар берілмеген. Оларды ағысының 
жылдамдығына қарап анықтауға болады.
8.1-кесте.
Өзен ағысының жылдамдығына сай арнасының табанында түзілетін 
шөгінді жыныстардың сипаты
Ағысының жылдамдығы м/с 
есебімен
Арнаның табанына шөгуге тиісті 
шөгінді тау жыныстары
0,1-0,2
құм қайраң
0,2-0,5
құм
0,5-1,0
ірі түйіршікті құмдар
1,0-1,5
тығыздалған саз қиыршық тас 
1,5 жоғары
ірілі-ұсақты малта тастар
Топырақпен өсімдік жамылғылары
. Картадан топырақ 
пен өсімдіктер жамылғысын оқып-үйрену барысында өтуге, 
бақылауға, тығылуға мүмкіндік беретін жергілікті жердің 
орманды-бұталы алқаптарға, батпақтар мен сортаңдардың, 
құмдар мен қорымдардың сипатына талдау жасалады.
Батпақтардың сипатын шартты белгілердің сызықтарына 
қарап анықтайды. Бірақ оның өту мүмкіндігін анықтағанда жыл 
мезгілі мен ауа-райының сипатын ескеру қажет. Картадағы өтуге бо-


315
латын батпақтар жауын-шашынды кезеңдерде өткел бермейді. Ал 
өтуге қиын батпақтар қыста қатты аязды күндері жеңіл өткел бе руі 
мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет