Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Ірі масштабты карталарда əлеуметтік-экономикалық



Pdf көрінісі
бет204/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Ірі масштабты карталарда əлеуметтік-экономикалық 
нысандарды кескіндеу тəсілдері. 
1:25000-1:100000 мас-
штабты топографиялық карталарда қалалық жəне ауылдық 
елдімекендердердің барлығы көрсетіледі. Елдімекендердің жа-
нына олардың аттары жазылады. Қалалық елдімекендердің аты 
түзу бас əріптермен ауылдың елді мекендердің аттарының бірінші 
əріпі бас əріппен қалғаны кіші əріппен жазылады. 
Елді мекендердің атының астына мың адам есебімен алынған 
тұрғындардың саны, қалалық əкімшіліктің, ауылдық округ-
тер болса қысқартылып жазылады. Қалалық жəне саяжайлық 
кенттердің аты көлбеу əріптермен жазылады.Елдімекендерді 
картаға түсіргенде олардың сыртқы кескіндері мен жоба-
лау сипаты сақталып оларды кесіп өтетін басты көшелері, ірі 
кəсіпорындар мен бағдар қызметін атқаратын басқада маңызды 
əлеуметтік-экономикалық нысандар кескінделеді.
Елдімекендердің саны мен олардың түрлеріне, жиілігіне қарап 
қажетті аумақтың қоныстану ерекшеліктерін айқындайды. Мы-


344
салы: 1:50 000 масштабты оқу картасында кескінделген Снов, 
Камено горск, Вороново, Федоровка, тағы да басқа елдімекендер 
кес кінделген жазуға қарап Сновтың қала, Каменогорскінің – қала-
тек ті кент, ал қалғандары ауыл текті кенттер екенін білуге бо ла ды. 
Снов қаласына негізгі кіретін жолдар, бақтар мен алаңдар көр-
сетілген ашық қоңыр сары түсті бояулар отқа төзімді мате риал-
дардан жасалған құрылыс нысандарының басым екенін көр се теді.
Шартты белгілерден қаланың солтүстік шетінде метеорология-
лық бекет, электр станциясы, зауыттардың бар екенін көруге бо-
лады. Қаланың батыс шетінде саяжай текті Михалино кенті бар. 
Кентте 160 тұрғын бар. Бір-біріне жақын орналасқан қара түсті 
тік төрт бұрыштар үйлердің жиі салынғанын, сары түсті бояу 
үйлердің отқа төзімсіз материалдардан салынғанын айқындайды.
1:25 000, 1:50 000 масштабты карталарда елдімекендердің 
көшелері, отқа төзімді құрылыстары қызыл-сары бояудың əртүрлі
түстерімен беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет