10.2сурет
.
Мемлекеттік триангуляция торының сызба-нұсқасы
АВ СD, EҒ, КL, шығатын жақтары 1-2, 3-4, 5-6, 7-8 базистері
1 класты қосындар; ○ 2 класты қосындар; 3 класты қосын; 4
класты қосын түрлері; ☼ астрономиялық қосындар.
ІІІ класты т орлардың қосындарының ара-қашықтығы
3-8шақырым, ал ІV кластылардікі 2-5шақырым артпайды.
362
Мемлекеттік геодезиялық тордың қосындары 1:500 масштабқа
дейінгі топографиялық түсірулерге тірек қызметін атқарады.
Қосындары жергілікті жерде жақсы бекітілген жəне айқын
анықталған жағдайда ғана геодезиялық тірек торлары өз қызметін
атқарады. Жергілікті жердегі əрбір қосын арнайы жерасты
белгісі–орталықпен бекітілген. Орталықтардың тұрақтылығына
тау жыныстарының маусымдық қатуы мен еруі тағы да басқа
көптеген қоршаған орта жағдайлары əсер етеді.
Трилатерация сызбанұсқасы
бойынша триангуляцияға
ұқсас бірақ мұнда арақашықтық өлшегіштердің көмегімен
қателіктері 1:400 000-нан аспайтын сызықтардың барлық үш
бұрыштарын өлшеп алып, содан соң олардың координатта-
рын есептеп шығарады. Алыстағы қол жету қиынға соғатын
геодезиялық қосындардың координаттарын жердің жасанды
серіктерінің көмегімен бақылау жүргізу арқылы анықтайды.
Ол үшін қазіргі кезде
ғарыштық триангуляция
əдісін қолдана
отырып, жұмыстар жүргізетін біртұтас ғарыштық геодезиялық
тор құрылған. Белгілі координаттар бойынша бекеттерден
бақылау жүргізу арқылы сол сəттегі жердің жасанды серігінің
жағдайын анықтайды. Ғарыштық бекеттен бақылау барысында
белгісіз жəне жердің жасанды серігінен алынған белгілі болған
координаттардың көмегімен орнын анықтайтын бекеттердің ко-
ординаттарын табады.
Жоспарлы геодезиялық қосындарды белгілеп, жергілікті
жерде бекіту үшін
геодезиялық белгілер
деп аталатын жер
астындағы қондырғылар мен жер бетіндегі құрылыстар
тұрғызылады. Олар жергілікті жерде биіктіктік, теодолиттік,
тахометрлік түсіру жұмыстары кезінде жоғары дəлдікпен
өлшеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Триангуляция
мен полигонометрияның жер бетіндегі белгілері геодезиялық
құралдарды бекітетін штатив сонымен қатар көршілес жатқан
қосындардың көрінуін қамтамасыз ету қызметін атқарады.
Геодезиялық қосындар жер бетінде өзара көрінген жағдайда,
биіктігі 6-8 метр болатын тек бетон бағана немесе қарапайым пи-
рамида орнатады. Үлкен биіктікке қосарланған пирамида жəне
геодезиялық белгібергіш орнатады [10.3-сурет].
|