10.7сурет.
Азимутты өлшеу
барысындағы Шмалькальдер
буссольі лимбасының жағдайы
10.8-сурет
.
Стефан буссолі
Буссольді пайдаланып түсіру жұмысын жүргізудің негізгі
əдістері.
Буссольдық түсіру барысында
белгілеу
,
полярлық
,
пер-
пендикуляр
жəне
жарма
тəсілдері қолданылады.
375
Белгілеу тəсілін
түсіретін нысан қолжетімсіз болғанымен,
нысаналау сəулесі арқылы сұлбаға (планға) түсіруге мүмкіндік
беретін негізгі жүріп өтудің екі немесе үш нүктесінен көрінетін
орындарда орналасқан жағдайда қолданылады. Бұл жағдайда
қажетті нысанды бір нүктеден белгілеп, содан соң нысаналау-
ды екінші нүктеден қайталайды да, бағытталған екі бағыттың
түйліскен жерінде түсірілетін нысанның орнын белгілейді
[10.9а-сурет].
Үшінші бақылау нүктесінен нысаналаған жағдайда нысанның
орнын жоғары дəлдікте анықтауға болады. Егер үш сəуле бір-
бірімен түйліскен жағдайда үш бұрыш түзілсе,түсірілетін нысан
үш бұрыштың тура ортасында орналасады.
Полярлық əдіс түсірілетін аумақ жақсы көрінетін орын-
да орналасқан бір нүктеден қажетті нысанға дейін нысаналап,
екеуінің арақашықтықтарын өлшеуге негізделеді [10.9 ə-сурет].
10.9 сурет
.
Буссольдық жəне көзмөлшері түсіру жұмыстарын жүргізу
барысында белгілеу (А) жəне полярлық (Ə)тəсілді қолдану
Перпендикулярлар тəсілдері
бұлақтар мен орман шоқтары
иректелген кескіндері, ірі нысандардың қоршаулары сияқты
нысандарды түсіру барысында қолданылады. Бұл нысандардың
барлығының кескіндері күрделі болуымен ерекшеленетіндіктен
олардың нақты пішінін жүріп өтетін жол мен нысанға дейінгі
арақашықтықты перпендикуляр түзу өлшеулер арқылы ғана
анықтайды. Ол үшін жүріп өтетін жол бойындағы түсіретін əр
нүктеден кескіні күрделі нысанға дейінгі аралықты өлшеп белгілі
бір масштабпен алынған сұлбаға (планға) түсіріп отырады
[10.9 а-сурет].
|