Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Қазақстан Республикасының геодезиялық тірек тор-



Pdf көрінісі
бет214/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Қазақстан Республикасының геодезиялық тірек тор-
лары.
Қазақстан Республикасы аумағындағы біртұтас ко-
ординаттар жүйесі Мемлекеттік геодезиялық торға (МГТ) 
негізделіп құрылады. Еліміздегі кезкелген нысанның координа-
тын анықтауға Ресей Федерациясының ғаламдық новигациялық 
жерсеріктік жүйесі (ҒНЖСЖ) мен NAVSTAR GPS (Navigation 
Satellite Timing and Ranging Global Positioning System – Амери-
ка Құрама Штаттарының ғаламдық навигация жүйесі) заманауи 
жерсеріктік навигация жүйелері қолданылады.
Белгілі бір нүктенің референц-элипсоидқа қатысты орнын 
кеңістіктік тік бұрышты координаты немесе ендігі мен бойлығын, 
теңіз деңгейінен биіктігі, сонымен қатар, тік бұрышты жазық 
координаты мен биіктігі түрінде алуға болады. Біздің елімізде 
білігі жалпы жерлік ПЗ-90 координаттар жүйесінің білігінің 
бағытына сəйкес келетін Красовский элипсоиды қабылданған. 
Бірақ референц-координаттар жүйесінің бастауын айқындайтын 
элипсоид орталығы массаның орталығынан 155 м шамасын-
да ығысады. Қазақстан Республикасының барлық аумағында 
бастауы Кронштаттағы футштоктың нөль белгі болып табыла-
тын Балтық биіктіктік жүйесі қолданылады. Ол 
Мемлекеттік 
нивелирлік торлардың
қосындарымен бекітілген.
Еліміздің геодезиялық торлары құрлықты, құрылықтық 
қайраңды картаға түсіруді, геоақпараттық жүйенің координаттық 
ортасын қалыптастыруды қамтитын ғылыми жəне қолданбалы 


359
міндеттерді шешу үшін қолданылады. Қазақстанның Республи-
касында мемлекеттік, жергілікті, түсіру арнайы жəне оқу тор-
лары бар. Мемлекеттік торларды мемлекеттік картографиялық-
геодезиялық мекемелер құрады.
Жергілікті торлар
мемлекеттік торлар қосындарының жиілігі 
жетіспеген жағдайда нақтылы топографиялық-геодезиялық 
міндеттерді шешу мақсатында құрылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет