Ғаламдық жерсеріктік навигациялық жүйесі.
Глобустың тең аралық қасиеті – Жердің кішірейтіліп алған үлгісі
бол ған дықтан, ұзындық масштабы глобустың кез-келген бөлігінде бірдей
болуы.
Глобустың тең аудандық қасиеті – глобустың барлық бөліктерінде
ұзындық масштабы тең болған жағдайда барлық бағыттарда ауданның
масштабы да тең болуы.
Глобустың тең бұрышты қасиеті – тең аралық жəне тең ауданды
қасиетіне сай глобустағы барлық нүктелердің бұрыштары да тең болуы.
Горизонтальдар - бұл
Жер бетіндегі биіктіктері бірдей нүктелерді
қосатын қисық сызықтар.
Горизонталь аралық қима биіктік – көршілес жатқан екі
горизонтальдың биіктік айырмасы. Ол латынның һ əрпімен белгіленеді.
Горизонталь аралық ұзындық – географиялық карталардағы
көршілес жатқан екі горизонтальдың бір-бірінен метр есебімен алынған
арақашығы. Ол
d əрпімен белгіленеді.
Ғарыштық түсірулер – Жер атмосферасының шегінен биікте Жердің
жасанды серіктерінен, орбиталық бекеттерден, ғарыш кемелерінен
жүргізілетін түсіру жұмыстары.
Дирекциондық бұрыш – аймақтың біліктік меридианының солтүстік
бағыты (тік бағыттағы шақырымдық сызық) мен қажетті нүктенің
арасында түзілетін бұрыш. Ол латынның
α
əрпімен белгіленеді.
Дирекциондық бұрыш меридианның солтүстік бағытымен сағаттың
тіліне бағыттас 0° пен 180° аралығында өлшенеді.
Еркін проекция- лар – проекцияларға картаның белгілі бір бөлігіндегі географиялық
нысандардың бұрыштары, аудандары мен пішіндері бұрмаланғанымен,
математикалық заңдылықтарға сай олардың мөлшері аз болатын про-
екциялар жатады. Еркін проекциялардың ішіндегі картаның басты
бағыттарының біріндегі (параллельдері мен меридиандарының) ұзындық
масштабы өзгермей сақталатын теңаралық
проекциялар да бар.