445 Географиялық координат – Жер бетіндегі кез-келген нүктенің эк-
ватор мен бастапқы меридианға қатысты орнын анықтау. Географиялық
координаттар жүйесінде координат сызығы ретінде бірін-бірі қиып өтіп
градус торларын түзетін меридиандар мен параллельдер қабылданған.
Гелографиялық координаттар жүйесі жер бетіндегі нүктелердің орыны
екі географиялық координат ендік пен бойлықты анықтауға негізделген
бұрыштық шама болып табылады.
Геодезиялық координаттар – Жер сферойд ретінде қабылданған
жағдайда нүктелердің орнын анықтайтын координаттар жүйесі.
Географиялық ендік – Жер бетіндегі кез-келген нүкте мен экватор
жазықтығы арасында түзілген бұрыш. Егер нүкте солтүстік жарты шар-
да орналасса оның
ендігі солтүстік, егер оңтүстік жарты шарда орналасса
оңтүстік болады.
Географиялық бойлық – бастапқы меридиан мен жер бетіндегі кез-
келген нүктенің үстінен өтетін меридианның арасында түзілген бұрыш.
Бастапқы меридиан ретінде Лондон қаласының маңындағы Гривнич
астрономиялық обсерваторясының үстінен өтетін меридиан қабылданған.
Барлық нүктелердің бойлықтарының мəні 0-180° аралығында бола-
ды. Бастапқы меридианның шығысында 0-180° аралығындағы барлық
нүктенің бойлығы шығыс бойлық
, бастапқы меридианның батысында
0-180° аралығындағы барлық нүктенің бойлығы батыс бойлық деп атала-
ды.
Географиялық (нағыз) азимут – географиялық меридиан мен
қажетті нүктенің арасындағы бұрыш.Ол А əрпімен белгіленіп, сағат
тілімен бағыттас 0°-360° аралығында өлшенеді. Тура жəне кері азимут
бір-бірінен 180° айырма жасайды. Егер тура нағыз азимуттың мəні 180°
аспаса кері азимутты табу үшін 180° қосамыз. Егер тура азимуттің мəні
180° артық болса аламыз. Топографиялық картадан тура жəне кері нағыз
азимутты транспортирдің көмегімен анықтайды. Ірі масштабты карталар-
да географиялық меридиан ретінде батыс жəне шығыс бұрыштамалары
(ішкі) алынады.