Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет274/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

447
Жалпы бағдарлау – 
баратын соңғы нүктеге жету үшін өзің тұрған 
орынды, қозғалатын бағыт пен уақытты шамамен анықтау, оны сақтау. Жал-
пы бағдарлау карта болмай тек баратын соңғы нүктеге дейінгі сызбанұсқа 
ғана болғанда қолданылады.
Жарма тəсілі –
қоршау, электр желілері сияқты жүріп өту жолда-
рына қатысты алғанда белгілі бір бұрыш түзе орналасқан түзу сызықты 
телімдерді немесе желілі сызықтарды түсіру барысында қолданылатын 
түсіру тəсілі. Жергілікті жердегі бір түзудің бойында орналасқан көзге 
көрінетін екі нысан (нүкте) жарма деп аталады. Жүріп өту сызығының 
(АВ) бойында орналасқан шекарасы түзу бұрышты болатын түсіруді қажет 
ететін жарманы табуға болады.
Жердің физикалық (топографиялық) беті – 
барлық ойлы-қырлы-
лы ғын қоса есептегендегі құрлық беті. Ол өте күрделі болғандықтан 
математикалық өлшеу қиынға соғады. Сондықтан Жердің физикалық 
бетінің пішіні барлық ойлы-қырлылығымен емес, теңіз деңгейімен 
есептелінеді.
Жердің_деңгейлік_беті'>Жердің деңгейлік беті –
жердің кіндігіне бағытталған барлық сызыққа 
перпендикуляр болатын дүние жүзілік мұхиттың деңгейі. Физикалық бетке 
қарағанда ол біршама тегіс болуымен ерекшеленеді. 
Жердің
 
физикалық бетінің деңгейі
– тыныш жатқан теңіз 
деңгейіндейінен алынған жердің беткі деңгейі
.
Жер бетінде түсіру əдісі –
инженерлік міндеттерді жүзегеасыру (ірі 
ғимататтарды, каналдарды, жолды тағы да басқа нысандарды салу) ба-
рысында жергілікті жердің ірі телімдерін аэрофототүсіру тиімсіз болған 
жағдайда жергілікті жердің шағын бөлігінің сұлбалары (пландар) мен кар-
таларын құру əдісі. 
Жеке масштаб – 
элипсоид пен картаның жеке бөліктеріндегі белгілі 
бір нысандар өлшемінің сəйкестігін көрсететін масштаб
.
Жеке диаграммалар тəсілі –
картаға түсірілген қандайда бір 
құбылыстардың жер бетінің əртүрлі нүктелеріндегі абсолют немесе салы-
стырмалы мəнін көрсету үшін қолданылатын жеке диаграммалар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет