Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет279/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Картографиялық тор 
– Жер элипсоидындағы, шардағы немесе 
глобустағы меридиандар мен параллельдер торы. 
Картаны басып шығаруға дайындау 
– басып шығару түпнұсқасы 
мен баспа қалыптарын алудан тұратын картаны басып шыңару 
технологиясының кезеңі. Басып шығару түпнұсқасын алу үшін құрылған 
түпнұсқадан қағазда немесе арнайы жылтыр металл табақшаға жарық 
өтпейтін нақышты қабатты көгілдір көшірмелер дайындалады. Оларға кар-
та мазмұнының құрамдас бөліктері жоғарғы дəлдіктегі кестепен қағазға 
сызылады немесе металл табақшаға нақышталады.
Кипригель 
– тірек нүктелерінің бұрыштарын нысаналап, тік 
бұрыш тарын өлшеуге арналған прибор. Кипригельдің екі түрі кеңінен 
қолданылады. Олар біршама қарапайым КБ жəне КА-2 кипригель-автомат.
Кипригельдің көмегімен тірек нүктесіне қойылған қашықтық өлше-
гіш сызғышты нысаналайды да, көлденең жəне тік бұрыштары мен ара-
қашықтығын өлшейді. 
Конусты проекциялар 
– картографиялық торлар конустың білігі 
глобустың білігімен сəйкес келетін жағдайда құрылатын меридиандарының 
сыртқы пішіні бір нүктеден таралатын сəуле тəрізді түзу, параллельдері
концентрлі доға болатын 40°-80° ендіктер аралығындағы аумақтардың кар-
таларын құруға арналған проекция. Конусты проекцияда картографиялық 
торды тұрғызу үшін қалыпты қиып өтетін конустар қолданылады. Қиып 
өтетін қалыпты конуста құрылған картографиялық тор глобустың екі 
нүктесінде жанасатындықтан, екі нольдік бұрмалану сызығы болады.
Нөлдік бұрмалану сызығының аралығындағы параллельдер сығыла-
тындықтан, ұзындықтың жеке масштабы бас масштабтан кіші, ал сыртын-
да үлкен болады. Барлық қалыпты конустық торларда басты бағыт 
меридиандар мен параллельдермен сəйкес келеді 


451
Көп конусты проекциялар
– проекцияның 
 
картографиялық 
торларын глобустың градус торларының бөліктерін диаметрі əртүрлі 
бірнеше жанасатын конустарда жобалап, конус жолақтарының бетінде 
түзілген кескіндерді біріктіріп, жазықтыққа көшіру арқылы құрады. 
Дүниежүзінің карталарын құру үшін қолданылатын көп конус-
ты проекциямен құрылған картографиялық тордың меридиандары 
қисық, орталық меридианы мен экватор түзу, параллельдері эксцентрлі 
доға тəрізді болады. Экватор маңы телімдері жанасатын цилиндрде 
жобаланатындықтан алынған тордың экваторы түзу болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет