449
ерекше белгілерін, құбылыстардың кеңістіктегі өзара байланысы мен
географиялық мəнін ескере отырып іріктеу. Географиялық нақтылыққа
қажетті нысандардың картадағы пішінінің сақталуы жатады.
Картографиялық проекция –
Жер
элипсоидының немесе шардың
бетін жазықтықта кескіндеудің математикалық əдістері. Картография-
да қосалқы геометриялық жазықтыққа көшіру барысында бұрмалануды
азайтуды көздейтін цилиндрлі, конусты, көп конусты (қалыпты, көлденең,
көлбеу) сонымен қатар еркін, шартты проекциялар қолданылады.
Картографиялық бұрмалану –
жазықтықта кескіндеу барысын-
да геойд тəрізді жер бетінің белгілі бір бөлігі мен ондағы нысандардың
геометриялық қасиеттерінің өзгеруі. Глобустан жазықтыққа көшіргенде
жер бетіндегі нысандардың пішіндері, ұзындықтары, ауданы мен көлденең
бұрыштары ауытқиды.
Картаның математикалық негіздері
– картографиялық кескіндерді
құрудың геометриялық заңдылықтары мен олардың геометриялық
қасиеттерін айқындайтын картаның құрамдас бөлігі. Оған картографиялық
проекциялар жəне онымен тығыз байланысты координаттар торы, масштаб
пен геодезиялық тірек торлары жатады.
Картографиялық семиотика
– картография мен лингвистика ғылы-
мы ның аралығындағы географиялық карталардың тілі болып табылатын
картографиялық белгілер жүйесінің қасиетін зерттейді. Оның шегінде
картографиялық шартты белгілердің шығу тегіне, жіктелуіне, қасиеттері
мен қызметіне, картографиялық кескіндеу əдістеріне қатысты көптеген
мəселелер қарастырылады.
Картографиялық анимация
– динамикалық бірізділікті сақтай от-
ырып кескінделетін нысандар мен құбылыстардың динамикасын, эволю-
циясын, олардың уақыт пен кеңістікте таралу қарқынын компьютердің
экранында көрсететін электронды карталар. Анимациялар жазық немесе
көлемді стереоскопиялық болуымен қатар фотобейнемен де үйлесуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: