Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Картаның коммуникативтілік



Pdf көрінісі
бет278/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Картаның коммуникативтілік
 
қызметі 
– географиялық картаны де-
рек көзі ретінде пайдалана отырып ақпараттың берілуін жүзеге асыру. 
Картаның
жеделдік қызметі 
– географиялық картаның көмегімен 
навигациялық, жол құрылысын салу басқа да тəжірибелік есептер шығару 
мақсатына пайдалану мүмкіндігі. 
Картаның
болжамдық
қызметі 
– оқып үйренетін құбылыстардың 
болашақтағы дамуын анықтау мүмкіндігі.
Картаның
болжамдық
қызметі 
– өндіріс пен ғылымның əртүрлі сала-
ларында жəне мектеп оқушылары мен студенттердің білім алу мақсатында 
пайдалануы. 
Карталардың мазмұны 
– картаның оқуға, түсінуге мүмкіндік бере-
тін барлық элементтері. Карта мазмұнының элементтерінің құрамына 
география лық ландшафтар (жер бедері, гидрография, өсімдіктер мен топы-
рақ жамылғысы) мен əлеуметтік-экономикалық нысандар (елді мекендер
жол, өнеркəсіп жəне ауылшаруашылық кəсіпорындары) кіреді. 
29–1171


450
Картографиялық зерттеу əдісі 
– белгілі бір құбылыстарды картаға 
талдау жасау негізінде оқыпүйрену. Аталған əдісті пайдалану қазіргі 
картографияның басты міндеті болып табылатын картада кескінделген 
құбылыстарды танып білу мəселелерін қарастырады.
Картографиялық түсіру 
– кезкелген картада қамтылған табиғи жəне 
əлеуметтік-экономикалық нысандар мен олардың орналасу ерекшелік-
терінің, өзара байланыстары туралы үйлесімді ақпарат беретін ең басты 
бөлігі болып табылады. 
Картодиаграмма тəсілі-
бұл белгілі бір аумақтық бөліну шегіндегі 
қандайда бір құбылыстардың абсолют өлшемдерінің жиынтық көрсеткіш-
терін көрсету үшін қолданаылатын бейнелеу тəсілі.
Калонна 
– Гаусс пен Крюгердің тең бұрышты көлденең цилиндрлі 
проекциясында жобаланған 6° меридиандар жолағы. Каллонналар жолағын 
сан мен белгілеу 180° шығыс бойлықтан басталады. Батыстан шығысқа қа-
рай араб санымен белгіленетін калонналардың жалпы саны 60. Бірінші ка-
лон на 180° б.б пен 174° б.б аралығымен шектеледі. 60 калонна 174° ш.б 
180° ш.б аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет