Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Картографиялық проекцияны графиктік əдіспен құру



Pdf көрінісі
бет61/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Картографиялық проекцияны графиктік əдіспен құру
. Мер-
катор дың тең бұрышты цилиндрлі проекциясымен кар то гра фия лық 
торының жиілігі ∆φ=∆λ=5º; φ
0
=0º; φ
N

S
=25º; λ
орт
=120º; λ
ω
=100º 
λ
0
=140º болатын Индонезияның 1:10 000 000 мас штаб ты карта-
сын құру төменде көрсетілген кезеңдерден тұрады:
1. құрастыратын картаның сұлбасын (макетін) жасау;
2. меридиандар мен параллельдер аралықтарының өлшемдерін
есептеу; 
3. құруға қажетті бастапқы деректері бар кесте дайындау;
4. қағаз бетіне картографиялық торларды құру жəне олардың 
аралықтарын есептеу;
5. монтаждау жəне картаны құру.
Құрастыратын картаның сұлбасын (макетін) жасау
. Құрас-
тыру сұлбасын көбінесе проекциясы бірдей жəне масштабы жа-
қын картада құрады. Сұлбаға картада кескінделген аумақты шек -
тей 
тін шеткі меридиандар мен параллельдерді түсіреді. Орта 
-
лық ме ри диан мен бұрыштамаға қатысты алғанда бағдар бола-
тын с тан дартты параллельдерді бұрыштамалардың түрлерін 
көр се те ді.
Меридиандар мен параллельдер аралықтарының өлшемдерін
есептеу.
Мұғалімдерге арналған атластағы А. В. Гедыминнің 
картографиялық кестесі бойынша 5º меридиандар мен парал-
лельдер доғасының аралықтарын есептейді. Параллельдердің 
аралықтарын ендік бойынша экватордан бастап 5º(556605,0 м) 
бөледі. 5º меридиандар доғаларында экватордан шеткі парал-
лельге (30º) дейінгі əр бір нүктеде тең бұрыштылық жағдайды 
сақтау үшін ендіктерге сəйкес меридиандар қиып өтетін көршілес 
параллельдердің аралықтары белгіленген өлшемде созу арқылы 
бұрмалануына түзету енгізіліп келеді.
Құруға қажетті бастапқы деректері бар кесте дайындау

Картографиялық проекциялардың əртүрлі сандық мəндерін 


96
есептеп шығарып, олардың жеке көрсеткіштері мен деректерін 
есептелінген кестеге енгізу біршама күрделі болуымен 
ерекшеленеді. Кестелер картаны құру барысында əртүрлі іс-
əрекеттерді жылдам əрі дұрыс орындауға, құру заңдылықтарын 
анықтап оның ретін бақылауға мүмкіндік береді. Мысалы, 5º 
доғаның экватордағы өлшемі-556605,0 м, ал картаның мас-
штабындағы көршілес параллельдердің аралығы 5,57 см-ге 
тең.
Қағаз бетіне картографиялық торларды құру жəне 
олардың аралықтарын есептеу.
Бастапқы деректер бар кестені 
дайындағаннан кейін картографиялық торды төмендегі ретпен 
құрады: қарындашпен бір-біріне перпендикуляр түзу сызық 
орталық меридиан мен экваторды жүргізеді. Экватордың бойын-
да аралықтары 5,57 см-ге болатын орталық меридианға бағыттас 
меридиандар доғасын жүргізеді. 3.5-кестеде көрсетілген 
өлшемдерге сəйкес аралықтары бірдей емес орталық меридианға 
перпендикуляр параллельдер жүргізеді. Бұрыштамаларын сызып 
меридиандар мен параллельдердің градус сандарын белгілейді 
[2.5 кесте].
Картаны құру жəне монтаждау.
Көбінесе географиялық 
карта суретке түсіру жолымен масштабы қажетті мөлшерге 
дейін кішірейтілген біршама ірі масштабты карталар 
негізінде құрылады. Сəйкес келетін нүктелері белгіленген 
картографиялық негізі дайындалғаннан кейін алдымен ватман 
қағаздың бетінде кішірейтілген көк жарық көшірмесі жасала-
ды. Сапалық монтаждау жүргізгеннен кейін əр түрлі масштаб-
ты карталарды құру ережелеріне сəйкес көк көшірме бойын-
ша карта мазмұнының барлық құрамдасбөліктері бар жарық 
көшірмені құрады. Жоғарыда жанасатын параллель ретінде 
экватор таңдап алынған ортасында бұрмалану көрсеткіші 1-ге 
тең болатын жанасатын цилиндрдегі Меркатордың проекция-
сы қарастырылды. Меркатордың проекциясын көбінесе қиып 
өтетін қалыпты цилиндрде жиі қолданады. Бұл жағдайда ци-
линдрмен жанасатын нөлдік бұрмалану сызығы екі жағында 
орналасатындықтан, экватордағы ұзындық масштабы
 п<
1, 
аумақтың екі шеткі ендіктерінде 
п
2
=
п
1
=1 жағдайына ие болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет