117
шарының барлық бөлігін кескіндеу үшін
ұсақ масштабты карталар-
ды құруға көп конусты, цилиндрлі жəне жалған цилиндрлі проек-
циялар қолданылады. Солтүстік жəне оңтүстік жарты шарлардың
қалыпты азимутты, ал, шығыс жəне батыс жарты шарлардың
көлденең азимутты проекциямен құрылатыны көрсетілген.
3.10-кестеде жоғарыда аталған карталарға Ареусмиттің глобуляр-
лы (шарлы) азимутты проекциясы да қолданылатыны айтылған.
Қазіргі
Ресейдің, Қазақстанның жəне ТМД елдері аумағын
негізінен конустық проекциямен құрылады. Оны басқа мемле-
кеттер мен олардың жеке бөліктерін кескіндейтін карталарға да
қолданады. Бірақ елді картада кескіндеу барысында аумағының
пішінін де ескереді. Меридиандарды бойлай созылып жатқан елде-
рді көп конусты
немесе көлденең цилиндрлі, аумағының пішіні
дөңгеленген елдерді азимутты, ал экватор маңындағы мемлекет-
терді цилиндрлі жəне жалған цилиндрлі проекциямен кескін дейді.
Картаның атқаратын қызметі де құратын проекцияға əсер етеді.
Егер карта салыстыру немесе ауданды өлшеу қызметін атқарса
тең бұрышты проекциялар тобын таңдайды. Ұзындықты, ара-
қашықтықты өлшеуді, бағытты анықтауды
көздейтін картомет-
рия лық жұмыстар үшін ұзындықтың бұрмалануы болмайтын про-
ек
цияларды таңдайды. Мысалы, авияциялық сапарлардың ба
ғы-
ты көрсетілетін карталарды құруға орталығынан барлық ра
диус-
тарының аралықтары тең болуымен ерекшеленетін Пос
тель
дің
теңаралық көлбеу азимутты, ал теңіз
карталарын құруға Мер катор-
дың тең бұрышты қалыпты цилиндрлі проекциясын қол данған тиім-
ді. Мектептің география пəнінің мұғалімі өз жұмы сын да қолжаз ба
карталарын түсіндіруіне тура келеді. Карто гра фия лық проекцияны
сипаттау барысында есептеулерінің қара
пайымдылығын еске
ріп,
қолжазба карталарды пайдалану мүмкін дік терін түсіндіреді.
Дүние жүзінің карталарын Анаксимандрдың теңаралық қа-
лыпты
цилиндрлі, шығыс жəне батыс жарты шарлардың карта сын
Аррусмиттің глобулярлы шарлы проекциясымен құруға бо ла ды.
Достарыңызбен бөлісу: