Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет74/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

122
3 - т а р а у.
 
ҰСАҚ МАСШТАБТЫ КАРТАЛАРДЫҢ МАЗМҰНЫ. 
КАРТАЛАР СЕРИЯЛАРЫ. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АТЛАСТАР
3.1 Географиялық карталарды жіктеу. Картографиялық 
жинақтау
Алуан түрлі географиялық карталар аумақты қамтуына, мас-
штабына, кескінделген құбылыстардың жинақталу көрсеткіш-
теріне, қызметіне пайдалану əдісіне қарай жіктеледі.
Карталарды жер бетіндегі аумақты қамту көрсеткішіне қарай 
жіктеуге сəйкес барлық географиялық карталар төмендегі топтар-
ға бөлінеді.
1. 
Бүкіл жер бетін қамтыған дүние жүзінің карталары
.
2. 
Жердің жарты бөлігін қамтыған жартышарлар карта-
сы
, мұндай карталар жұппен дайындалады. Оларға батыс жəне 
шығыс жартышарлардың құрылықтар мен мұхиттардың жарты-
шарлар карталары жатады.
3. 
Жеке материктер мен аймақтардың карталары
. Бұл 
топқа жеке материктер мен мұхиттардың, теңіздердің дүние 
бөліктерінің карталары жатады.
4. 
Мемлекеттердің топтарының, ірі мемлекеттер мен оның 
бөліктерінің карталары. 
Бұл топқа шағын аумақтың, пайдалы 
қазбалар мен шығанақтардың карталары жатады. Географиялық 
карталардағы аумақтың қамтылуы мен масштабтың арасында 
байланыс бар. Картада қамтылатын аумақ артқан сайын масштаб 
кішірейеді.
Жер бетінің жеке бөліктерінің ауданы əртүрлі болуына байла-
нысты жоғарыда көрсетілген жіктеулер бұзылды. Мысалы: Тынық 
мұхиты тек дүниежүзінің картасында ғана толық кескінделеді.
Дүниежүзі мен жарты шарлардың карталарының масштабы 
жеке материктердің масштабына қарағанда ұсақ болады.
Жоғарыда көрсетілген төрт топтың ішінде жеке мемлекеттер 
мен оның бөліктерінің қарталарының масштабы ірі болады.


123
Барлық географиялық карталар ірі масштабты (1:200000 
дейін), орта масштабты (1:200000-1:1000000 дейін) жəне ұсақ 
масштабты болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет