Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет86/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

140
3.10 сурет.
 
Картадағы əртүрлі қосындарда кескінделген құбылыстар 
өлшемдерін анықтауға мүмкіндікберетін белглер шкалаларының түрлері
Үздіксіз шкалада көршілес əр бір жұп белгілер бір-бірінен 
онша үлкен емес шамада айырма жасайтындықтан белгілі 
бір өлшемдегі шартты белгі құбылыстың біртекті шамасына 
сəйкес келеді. Басқаша айтқанда, үздіксіз шкалада құбылыстар 
санындағы өзгерістер шартты белгі өлшемдерін арттырады неме-
се кемітеді. Үздіксіз шкаланы қолданғанда картада кескіндейтін 
аумақтағы барлық қосындарда болатын əртүрлі құбылыстар са-
нын көрсететін өлшемі жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар 
көптеген белгілер пайда болады. 
Сатылы шкалада құбылыстардың шамасын білдіретін сандар 
қатарының барлық мəні бірнеше топқа (сатылы қатарға) бөлінеді 
де, əрбір топ белгілі бір өлшемді белгімен белгіленеді. Көбінесе 
бұл топтардың саны оннан аспайтын шағын болады. Картаның 
түсініктемесінде белгілер бірінен кейін бірі орналастырылады. 
Белгіде сəйкес келетін саты шегінің саны жазылады. 
Белгілер өлшемінің үздіксіз жəне сатылы шкалаларында 
тағы бір белгісі бойынша айырмашылық болуы мүмкін. Ол белгі 
шкаланың барлық телімдерінде кескінделетін құбылыстың ша-
масы мен белгілеу өлшемінің арасындағы бірдей пропорционал 
тəуелділікті сақтау қызметін атқарады. Пропорция сақталатын 
бұл шкала 
абсолют 
деп аталады. Жоғарыда көрсетілген 
арақатынас бұзылған жағдайда 
шартты 
шкалаға бөледі. 


141
Кескінделетін құбылыстар санын картаның əртүрлі қосынындағы 
айырмашылықтары үлкен болған жағдайда шартты шкалалар 
қолданылады. 
3.11-сурет. 
Германиядағы автомобиль зауыттарында істейтін адамдар са-
нын көрсететін абсолют сатылы шкалалы белгілер
Көрсетілетін құбылыстың сапалық айырмашылықтарын ашу 
үшін белгілерді бояйды. Мысалы, бұл əдіспен елді-мекендерде 
орналасқан өнеркəсіп салаларын бейнелеу қажет болса, белгі 
өлшемі əр елдімекендегі өнеркəсіп өндірісінің көлеміне, түсі 
өнеркəсіптің басым саласына сəйкес келеді. 
Кескінделенетін құбылыстың сапалық айырмашылығын си-
паттау екі дəрежелі болуы мүмкін. Белгілі бір бояу түрімен ма-
шина жасау, тамақ өнеркəсібі сияқты өндірістің ірі салаларын,
штрихтармен көліктік немесе ауылшаруашылық машина жасау 
сияқты өндірістің біршама жеке сала тармақтары көрсетіледі. 
Белгіні бірнеше бөлікке бөлу арқылы белгілі бір елдімекенде 
орналасқан өнеркəсіп салаларының құрылымын көрсетеді. Атап 
айтсақ, экономикалық карталарда көп салалы өнеркəсіп торапта-
рын сипаттау үшін белгілі бір қосында орналастырылған белгі 
жеке бөліктерге бөлініп, сəйкес келетін сала таңдап алынған бояу 
түрімен боялады.
Басқа жағдайда белгінінің түсі сипатталатын құбылыс 
сəйкес келетін жылды немесе уақыт кезеңдерін көрсету үшін 


142
қолданылады. Пішіні бірдей болғанымен өлшемдері əр түрлі
түстегі бірнеше белгіні үйлестіру арқылы құбылыстардың да-
муын ашып көрсетеді [3.11-сурет].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет