Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет89/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

3.15 сурет
.
Батыс Еуропаның жеке елдерінің жалпы өнеркəсіптегі 
үлесінің картограммасы
Картаграммада бөліп көрсетілген барлық аумақтың шекарасы 
міндетті түрде белгіленуі тиіс. Онда бір топқа жататын көршілес 


147
жатқан аумақтық бөліну бірлігінің шекарасының телімдері 
көсетілмей бір бояумен боялуы мүмкін. Мұндай картограмма-
лар 
жинақталған
немесе 
тегістелген
деп аталады. Халықтың 
тығыздығының көптеген оқу карталары тегістелген картограм-
ма болып табылады. Бұдан басқа бөліп көрсетілген ауданда 
кескінделетін құбылыстар болмайтын түзетілген картограммалар 
да болады. 
Картодиаграммалар мен картограмманы пайдалану барысын-
да екі тəсілде де құбылыстар алып жатқан нақтылы бір аумақтың 
шекарасы мен оның ареалы көрсетілмейтінін ескеру қажет. 
Нүктелік тəсіл.
белгілі бір құбылыстардың географиялық 
орналасуын ғана емес, сандық сипатын да көрсететін нүктелік 
тəсіл көбінесе əлеуметтік-экономикалық карталарда кеңінен 
қолданылады. Қандай да бір құбылыстардың орналасуы мен 
мөлшері нүктелермен белгіленеді. 
Мысалы, ауылшаруашылық карталарындағы əрбір нүкте 
ірі қара малының орналасқан аймағымен белгілі бір сандық 
көрсеткішін анықтайды. Бір нүктедегі малдың санын нүктенің 
жалпы санына көбейтсек барлық масштабының саны шығады. 
Нүктелерді əртүрлі түспен бояп кескіндеу бір картада бірнеше 
құбылыстарды көрсетуге мүмкіндік береді. Мысалы, егіншілік 
картасында əртүрлі дақылдардың орналасуы, халықтар картасын-
да ұлттық құрамына қарай қоныстану ерекшеліктерін анықтауға 
болады.
Құбылыс саны нүктелердің жиынтығын көрсетеді (кіші 
өлшемді геометриялық пішіндерді), олар халық саны, мал 
басының саны жəне тағы басқа құбылыс белгілерінің санына 
(салмағына) сəйкес келеді.
Нүктелік тəсілдің белгілеуден түпкілікті айырмашылығы 
құбылыстардың таралу аудандарын кескіндеуінде (географиялық 
ареалдарда немесе сол аумақ ұяшықтарының шектерінде яғни 
əкімшілік, ауылшаруашылық, шартты геометриялық жəне т.б.). 
Егер картада аудан масштабы көрсетілген болса, сирек жағдайда 
ғана бұл тəсіл елдімекендерге сипаттама беруге қолданылады. 
Нүктелердің картада орналасуы кескінделетін құбылыстың шы-
найы таралуына сəйкес келетін г
еографиялық 
жəне нүктелер 
аумақтағы ұяшықтар шегінде тең орналасып, солар арқылы 


148
ақпарат берілетін 
сызбалық
немесе 
статистикалық
түрлері 
белгілі болады. Осы екі түрдің біреуін таңдау сəйкес келетін 
статистикалық мəліметтердің жағдайына байланысты болады. 
Ғылыми-анықтамалық картаға түсіруде көбінесе географиялық 
түрлері қолданылады. Əлеуметтік-экономикалық карталарға 
түсіруде нүктелік тəсілдің кеңінен қолданылуы көбінесе 
құбылыстың сандық сапасының көрсетуімен тығыз байланысты. 
Оны пайдаланғанда картаға түсірілетін нысандардың сипаттама-
сы да əсер етеді. Нүктелік тəсілдің алуан түрлілігі мен көлемі кар-
та масштабындағы нүкте өлшемімен бірдей «эквиваленттік» деп 
аталатын нүктелерді қолданғанда өседі. Мұндай нүктелер көбіне 
ауылшаруашылық жерлеріне сипаттама беру үшін қолданылады
[3.16-сурет].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет