Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


-сурет. Сызықтық белгілердің негізгі түрлері Тақырыптық карталарда құбылыстарды кескіндеу



Pdf көрінісі
бет83/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

3.6-сурет.
Сызықтық белгілердің негізгі түрлері
Тақырыптық карталарда құбылыстарды кескіндеу 
тəсілдері. 
Кескінлеу тəсілдерін таңдау. 
Кескіндеу
 
тəсілдерін 
таңдауда кескінделетін нысандардың сандық жəне сапалық си-
паттамаларын, кеңістіктікте орналасуын, динамикасын жəне 
тағы басқа барлық мəліметтер жинағы ескеруді қажет етеді. 
Картаның мазмұны мен типі де əсер етеді. Сондықтан ғылыми-
анықтамалық, анықтамалық жəне жедел карталарға нақты жəне 
дəл кескіндеу үшін белгілеу, сапалық түс, сызықтық белгілер, 
қозғалыс белгілері жəне тағы басқа тəсілдерді таңдау қажет. Ал, 
жалпы танымдық жəне ғылыми-тұғырнамалық бағыттағы карта-
ларда жалған сызықтар, изосызықтар, ареалдар жəне тағы басқа 
жалпы географиялық кескіндеу тəсілдерін қолданған тиімді. 
Кескіндеу тəсілдерін таңдауға елеулі түрде, əсіресе, есептік-
статистикалық материалдардың нақтылығы мен дəлдігі де əсер 


136
ететіндіктен кескінделенетін құбылыстардың географиялық 
мəліметтерінің сəйкестігін нақтылау керек.
Ареал əдісі (area)
– (латын тілінде аудан, кеңістік) карта-
да кескінделетін құбылыстар: пайдалы қазбалардың алаптары, 
өсімдіктер мен жануарлардың жеке түрлерінің таралған аумағы
ауылшаруашылық дақылдарының өсірілетін аудандарының шека-
расы айқындалып ерекше шартты белгілермен кескінделеді. Аре-
ал жəне сапалық түс əдістері тақырыптық карталарда кескінделген 
құбылыстардың кеңістіктік таралуымен қамтылған аумағын 
сипаттайды. Ареал жəне сапалық түс əдісінде құбылыстардың 
сандық сипаты ескерілмейді.
Белгілі бір құбылыстың таралған шектеулі ареалы 
сызықтармен, пунктирлермен немесе нүктелермен көрсетіледі. 
Егер ареалдың нақты шекарасы көрсетілмесе құбылыстың аты 
жазумен жазылып, болмаса, бейнелі геометриялық шартты 
белгімен немесе əріппен белгіленеді.
Бір-бірінен қашықта немесе бір-бірімен жалғасып, белгілі бір 
құбылыстардың сандық көрсеткіштерін айқындайтын сандық ареал-
дар да болады, оған жүк тасымалындағы белгілі бір жүк тасымалының 
үлес салмағын көрсететін ареалдар мысал болады [3.7-сурет].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет