150
Аталған карталарда масштаб ұсақ болуына қарамастан жер
бедерінің ерекшеліктері жоғары дəлдікпен беріледі. Изогипстің
көмегімен жер бедерінің негізгі пішіндері мен түрлері кескінделіп,
олардың үйлесімділігі сақталады. Онда жер бетінің ерекшелігі
кескінделгенімен, олардың шығу тегі көрсетілмейді.
Ол міндетті
геоморфологиялық карталар
атқарады.
Бұл карталар атауын жер бедері туралы ғылымнан алды.
Геоморфологиялық карталарда жер бедерінің сыртқы көрінісі,
шығу тегі, жасы, көбінесе, жер бедерін кескіндеудің перспективті
жəне сапалық түс əдістерінің көмегімен беріледі.
Климаттық карталарда
белгілі бір
аумақтың климаттық
ерекшеліктері көрсетіледі. Онда көбінесе температура,
атмосфералық қысым, булану тағы басқа көрсеткіштер климаттық
изосызықтармен, сапалық түс əдісімен кескінделеді. Олардың
қатарына метеорологиялық құбылыстарды көрсететін изотерма-
лар, изогиеттер, изобарлар, тағы басқалары жатады. Карталарда
аумақ ты климаттық аудандастыру кең таралған.
Синоптикалық карталарда
жеке диаграмма əдісімен
жəне сандық жазулармен метеорологиялық бекеттер торында
жүргізілген бақылаулардың нəтижелері кескінделеді. Бұл карта-
ларда атмосфералық қысым, əртүрлі ауа массаларын бір-бірінен
бөліп тұрған атмосфералық шептер немесе шекаралар сызықтық
шартты белгілермен бейнеленеді. Синоптикалық карталар кең
көлемді аумақтағы атмосфераның төменгі қабатын бақылауға,
ауа райын болжауға мүмкіндік беретін негізгі материал болып
табылады.
Топырақ карталарында
жер бетіндегі топырақтың таралу
ерекшеліктері сапалық түс əдісімен кескінделеді. Топырақтың
əртүрлі типтері мен тип тармақтары таралған аумақтар сол
түспен жəне əріптік индекспен көрсетіледі. Кей жағдайда
ауылшаруашылық құрылымдарына арнап топырақ түзуші жыны-
стары берілген агроөнеркəсіптік маңызы бар топырақ типтерінің
картасы шығарылады. Онда топырақтың құнарлылығын арттыру
жолдары əртүрлі тəсілмен беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: