151
Мұндай карталардың мазмұны өсімдік жамылғысын табиғи
жіктеуге негізделіп құрылады. Масштабы біршама ірі
ормандардың, батпақтардың сонымен қатар жекелеген өсімдік
түрлерінің
флоралық карталары да
болады. Флоралық кар-
таларда ареал əдісімен өсімдіктердің жеке түрлерінің таралған
аумақтары кескінделеді.
Ландшафтық карталарда
картаға түсірілетін аумақтағы
əртүрлі рангадағы табиғат кешендері көрсетіледі. Аумақты
қамтуына, масштабына қарай кескінделетін шағын аумақ
қамтылған ландшафтық ауданның картасында жергілікті жердің
ландшафтары, қоныстар мен жұрттар, ал ландшафтық облыстың
картасында географиялық зоналар тармағы мен зоналар, аудан-
дар, қоныстар кешені кескінделеді.
Ландшафтық картаның негізгі мазмұны кəдімгі сапалық түс
əдісімен кескінделеді. Сонымен қатар, төменгі деңгейдегі ран-
га жоғарғы деңгейдегі сияқты түспен бояп, шекарасын жасап,
тип тармақтарын əріппен, сандық немесе əріптік индекспен
белгілейді.
Қазіргі кезеңде кешенді
табиғат қорғау карталарының
маңызы зор. Оның қатарына «Қазақстанның табиғат қорғау» кар-
тасын жатқызуға болады. Бұл карталарда табиғатты тиімді пайда-
лану барысында қайта қалпына келтіріп консервациялау, жекеле-
ген аумақтарды шаруашылық айналымнан алып, ерекше қорғауға
алынған аумақтар құру сияқты басқа да табиғат қорғаудың негізгі
бағыттары кескінделеді. Онда облыстық, республикалық маңызы
бар қорықтар, ұлттық табиғат бақтары, табиғи (зоологиялық не-
месе ботаникалық) қорықшалар, мемлекеттік маңызы бар табиғат
қорғау шаралары көрсетіледі. Сонымен қатар, топырақ пен
өсімдіктер жамылғысын, жануарлар дүниесін су қоймаларын
қорғау, эрозияға қарсы шаралар жүргізіліп жатқан аудандар, кен
орындарында жерді қайта қалпына келтіру шаралары жүргізіліп
жатқан аумақтар, су қорғау, мемлекеттік орман белдеулері, егіс
алқаптарын қорғайтын ормандар, бағалы балықтарды бейімдейтін
жəне сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі
таралған аймақтар кекескінделеді.
Достарыңызбен бөлісу: