Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


 Қ.Жұбановтың «Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» кітабы



Pdf көрінісі
бет147/239
Дата06.10.2023
өлшемі3,08 Mb.
#113265
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

2. Қ.Жұбановтың «Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» кітабы 
туралы» еңбегі жайында 
Бұл еңбегінде проф. Қ.Жұбанов Қожа Ахмет Ясауидің кім екендігі 
(аты, тегі (Яссауй деген сөздің шығуы), нәсілі), оның 95 толғауы, 
философтың армандары, әлеуметтік көзқарастары, сондай-ақ «Диуани 
хикметтің» жалпы мазмұны мен тілі туралы ой-толғамдарын ғылыми-
публицистикалық стильде баяндайды.
Ең басты ерекшелеп айтуға тура келетін жайт автор бұл мақаласында 
аталмыш шығармадан мысалдар келтіре отырып, оның қазақшасын беріп 
отырады, жекелеген сөздер мен атаулардың шығу тегіне, мағынасына терең 
бойлайды. 
Қожа Ахмет Ясауиді бұған дейін біржақты дін өкілі деп келсек, 
профессор Құдайберген Жұбановтың аталмыш еңбегінен соң жаңа қырынан 
танимыз. Мұны автордың өз сөзімен жеткізейік: «
Кейбіреулер Хожа 
Ахметті: «Ол кісі мистикаға салынған, бұл дүниеден түгелдей қол үзген 


234 
адам. Сондықтан, біздің қазіргі өміріміз үшін «Диуани хикмәттің» сөзінің 
ешбір керегі жоқ», – дегісі келеді. Негізінде бұның өзі дұрыс пікір емес. Бұл 
Хожа Ахметті дұрыс танығандық болмайды. Сондай-ақ, бұл тек Хожа 
Ахметті ғана дұрыс танымағандық болып қалмайды, сонымен бірге бұл 
адам қоғамының өсіп, өну тарихын түсіне алмағандық та болып 
табылады
». 
Проф. Қ.Жұбанов «Диуани хикмәттің» мазмұн құрылысын идеялық 
жағынан бірнеше топтарға бөліп қарастырады. Мысалы, «
оның бірқатар 
толғауларының таза діни сарындағы үгіт-насихат болуымен бірге, 
кейбіреулері діни үгіт үшін қажетті тарихи уақиғалар болып келеді, тағы 
біреулері адамгершілікті дәріптейтін насихат түріндегі толғаулар 
санатына жатады. Кейбір толғаулар өз кезіндегі қоғамдық құрылысқа тән 
әлеумет теңсіздігіне зарлану, әлеуметтік өмірге сай әділетті құрылысты 
аңсау, арман ету болып отырады. Сонымен бірге, бірқатар толғаулары 
бақсылардың сарынындай айқай-қиқулы сарынға негізделген болып келеді. 
Қандай мазмұнды толғау болса да, оның келіп тоқтар жері – құдайға 
ғашықтық, шындыққа ұмтылу, құдайға қолын жеткізу, соның арқасында 
өзін, өзіне ерген қауымды сарқылмас дәулетке, бақытты тұрмысқа бастау 
деген өршіл идеямен суарылып отырады

Ахметтің бұндай асқақ идеясы – 
фәни дүниедегі өзі жасаған дәуірдің әлеуметтік құрылысын жайлаған 
теңсіздіктен жиренуден туып, дүниеде орнауы тиіс әлеуметтік теңдіктен 
үміт үзгендігінің нәтижесі еді және ислам дінінің: «өлгеннен соң орнайтын 
мәңгілік дүние бар
» 
деп иландырушы қияли-шындығының діни поэзиядағы 
көрінісі болатын
». 
Автор Қ.А.Ясауидің өткір тілді ақын болғандығын, көп оқыған адам 
екендігін, араб, парсы тілдерін, бірқатар әдебиет, аңыздарды да білгендігін 
шығарма деректері арқылы дәйектейді.
Қ.Жұбанов «Диуани хикмәтті» «
дін дәстүрлерін ғана емес, ақыл-нақыл 
және жағымды әлеуметтік хұлық-мінездерді де үйреткен, өз кезіндегі ислам 
дінін тұтынушы жалпы түрік елдеріне ардақты кітап болған
» деген 
қорытындыға келеді. Автор бұл кітаптың атауы («Диуани хикмәт») «Ақлият 
сөздердің жинағы» деп оның негізгі мазмұны сай қойылғандығын және 
шығарманың 4400 жолдық жыр-толғау екендігін тұңғыш рет айтты. 
Қай 
мәселеге 
де 
байыппен 
қарайтын 
публицист 
Ясауи 
шығармасындағы Қожа Ахметтің «екінші дүниеге ынта қоюын» жоққа 
шығармайды, мұндай құбылыстың сол кездегі заман әділетсіздігін, 
әлеуметтік теңсіздікті көріп, оны жоюдың жолын таба алмай түңілген барлық 
шығыс әдебиетіне, оның белгілі өкілдері Науаи, Физули, Сағди, Хафиз 
сияқты ақындарға тән екенін олардың шығармаларынан үзінді келтіре 
отырып дәлелдейді. Қ.Жұбановтың атап көрсетуінше, «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет