Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет82/239
Дата06.10.2023
өлшемі3,08 Mb.
#113265
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

адам 
мен 
тілдің

адам
мен 
лингвистиканың 
байланысу тетігін көре білді. Мәселен, адамның өз тіліне әсер ете алатынын 
дұрыс түсіндіреді: «
Человек, как активное животное, могущее 
воздействовать на свою жизнь, может активно воздействовать и на свой 
язык, но для этого требуется не только одна письменность, а целый ряд 
социально-экономических условий
...», – дейді ғалым. Бұл айтып отырғаны – 
тіл дамытуға әсер ететін әлеуметтік факторлар. 
Ғалымның 
семиотикалық тұрғыдан,
тілді таңба ретінде сипаттау 
жөнінде де өз пікірі болмаса: «
Сонау Аристотельден бастап, көпке аян 
болған, осы күнге дейін буржуазия ғалымдары қайталап айтып келе жатқан 
қисын бойынша тіл дегеніміз шартты таңба ғана болып табылады. Олай 
болса, біз айтып отырған табиғи тілден басқа хабарласу амалдарының 
бәрін де тіл ретінде тануымыз керек болмай ма?!
» – деген сауал қоймас еді. 
Демек, Қ.Жұбановша, тілді таңба ретінде сипаттауды нақтыламақ керек. 
Күллі тіл атаулының 
даму тарихында
ортақ белгілер болуы да 
заңдылық, бұл – жалпы тіл білімі құзырындағы мәселе. Проф. Қ.Жұбанов 
пайымдауында, тіл тарихын білу жалаң мақсат емес, тілді меңгеру мен 
өзгерту үшін керек: «
Тілдің тарихын білу деген сөз – оның өніп-өскен жолын 
білу деген. Әлбетте, тіліміздің сонау ұзақ жолда қандай өзгерістерге 
ұшырағанын білу керек. Бұрынғыны білу жай әшейін мақсат емес, тілді 


143 
меңгерудің амалы
», – дейді ғалым. Қ.Жұбановтың ойынша: «
Біз тілді 
меңгеріп болғанымыз жоқ, толық меңгерсек қана оны дұрыс бағытта 
өзгерте аламыз
». Демек, мемлекеттік тілдің, әсіресе оның ішкі құрылысын 
(мысалы, термин қоры мен жүйесін) тиісті дәрежеде дамыта алмай келе 
жатқанымыздың бір белгісі, әлеуметтік қажеттілікке сай, толық меңгере 
алмағанымыз. Қазақ тілі жүйесін ғылыми тұрғыда толық меңгере алмауымыз 
жоғары оқу орындарының қазақ тілін оқыту ісін жетілдіруді қажет ететінін 
аңдатады. 
Ғалымның «
Қазақ тілі ғылымын бір адам ғана жасай алмайды, бір 
мезгілде ғана ол жасалмайды. Бұл – көп күш, көп қол, көп уақыт керек 
қылады
...» деген пікірінен жеке тіл ғылымы жөніндегі тұжырымның жалпы 
тіл біліміне енгізуге болатыны туындағанын байқау қиын болмаса керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет