Қушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы


Оқушылар дамуының әлеуметтік факторлары



Pdf көрінісі
бет37/54
Дата06.10.2023
өлшемі0,85 Mb.
#113267
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   54
Байланысты:
16d00f73201d940052140be0d417d975

8.14. Оқушылар дамуының әлеуметтік факторлары. 
Мектепке бейімделу. 
Дәріс тезистері 
 
Мектептің орналасқан жері оқитын балалар санына 
байланысты 0,8 гектарға дейін болады. Мектеп кешені 
оқушылар
 
тұратын үйден қалада 1-2 км, ауылда 3 км-ден 
аспау керек. Мектеп жерінің 15 % мектеп ғимаратына, 50% 
ӛсімдіктер егу үшін, ал қалған жерін спорт, демалыс, 
шаруашылық , тәжірибе алаңдарына пайдаланады. Мектеп 
ғимараты ауланың түкпірінде, мектеп жерінің шетінде 15 м 
қашықтықта салынады. Мектеп пен оның ауласы екпе 
ағаштармен қоршалады. Мектеп ауласы бірнеше аймаққа 
бӛлінеді: қорғаныс, демалыс, оқу-тәжірибе, спорт және 
шаруашылық аумақтар. 
Мектептің сынып бӛлмелері мен кабинеттер кең коридор 
арқылы 
бір-бірімен 
және 
оқушылардың 
демалыс 
бӛлмелерімен жалғасады. Сынып бӛлмелерінің ауданы 50-
60 шаршы метр, яғни әр оқушыға 1,25-1,50 шаршы метр 
есебінен анықталады. Бӛлменің ұзындығы 8-8,2 м, ені – 5,6-
6,2 мӛлшерінен аспау керек. Бӛлменің биіктігі 3,5 м 
болғанда балалардың денсаулығына қажетті ауа мӛлшері 
жеткілікті болады: жасына лайық ауа мӛлшері мен оның 
тазалығы қамтамасыз етіледі. Лас ауа кӛбіне бӛлменің 
үстіңгі жағында болады да, оқушыларға жағымсыз әсері 
азаяды. Егер одан аласа болса, бӛлменің ауасы тар болады. 
Оқушылардың денсаулығын сақтау үшін және қажетті 
еңбек жағдайларын тудыру үшін сынып бӛлмесінің маңызы 
зор. Бӛлме ауасының температурасы 17-21 градус, 
ылғалдылығы 40-65%, ауа қозғалысының жылдамдығы 0,15-
0,25 м/сек, әр балаға шамамен 15 м ауа болғаны жӛн. 
Сыныптағы 
терезелер 
оқушылардың 
сол 
жағында 


78 
орналасуы керек. Терезелер кең, күн сәулесі мол түсетіндей 
ашық әрі таза, шынысы жұқа, біртегіс болуы тиіс. Күн 
бұлтты болғанда, қыс күндері кезінде табиғи жарық 
жеткіліксіз болады, сондықтан бӛлмелердің қосымша электр 
жарық шамдары болуы тиіс. Олардың жарық мӛлшері әр 
партаға 150 люкстен кем болмауы тиіс, ал люминесценттік 
шамдардың жарығы 300 люкс. Соған байланысты электр 
шамдарын 2 немесе 3 қатар етіп, қуаттылығы 300 вт 7-8 
лампа ілінеді. Ал люминесценттік шамдарының қуаттылығы 
40 вт 12 шам орнатылады.
Сынып тақтасы – оқу бӛлмесінің ең қажетті 
жабдықтарының 
бірі. 
Тақта 
бӛлменің 
алдыңғы 
қабырғасының дәл ортасында, бастауыш сыныптарда 75 см, 
5-7 сыныптарда -95 см, жоғарғы сыныптарда- 100 см биікте 
ілінеді. Тақтаның ұзындығы 3м, ені 1,2 м, беті біртегіс, түсі 
– қоңыр немесе жасыл. 
Мектеп парталары – сыныптағы жабдықтың негізгі түрі. 
Парталарды 3 қатар орналастырады. Әр қатарда 7 партадан 
болады. Шеткі парталар мен қабырға аралығы 50-65 см, 
қатар аралығы 70-75 см, алдыңғы парталар мен тақта 
аралығы 2,5-3 м, соңғы парталар мен тақта аралығы 8 м. 
Терезедең ең алыс орналасқан парта 6м қашықтан аспауы 
қажет. Оқушының партада отыру ережесі бойынша оқу 
жылының басында сынып жетекшісі оқушыларды дене 
ерекшеліктеріне сай отырғызады. Әрбір тоқсан сайын 
балалардың дене ерекшеліктерін ескере отырып, 1-ші қатар 
мен 2-ші қатардағы алдыңғы парталар мен соңғы 
парталардағы балалардың орынын ауыстырып отырғызған 
жӛн. Бұл талаптар орындалған жағдайда оқушылардың 
денесі қисаймай дұрыс ӛсіп, тек жақыннан немесе алыстан 
кӛру жағдайының пайда болуына кедергі болады, яғни 
оқушылардың дұрыс ӛсіп жетілуіне қолайлы жағдай 
жасалынады. Кітап оқып, қағаз жазғанда баланың басы сәл 
алға еңкейеді. Оның кӛзі мен қағаз аралығы 35-40 см 


79 
шамасында болу керек. Оқушының кеудесі мен парта 
аралығында 3-4 см немесе оқушының жұдырығы ӛтетіндей 
аралық болу керек. 
Мұғалімнің үстелі отырып тұруға қолайлы болу керек. 
Ол терезе жақтағы парталар қатарының алдында немесе 
ортада орналасады. Парта мен мұғалім үстелінің арасында 
кемінде 15-20 см аралық қалдырады. 
Мектепте кейінгі кезде оқу-тәрбие жұмыстарында оқу-
техника құралдарын жиі пайдалануға байланысты оларды 
орналастыру 
гигиенасы 
пайда 
болды. 
Теледидар, 
магнитофон, және т.б. шамадан кӛп болып, бӛлмені 
тарылтпайтын, 
шаң-тозаң 
жинамайтын 
жағдайларды 
қарастырған жӛн. Оларды пайдаланбаған кезде шкафтарға 
немесе арнайы бӛлмелерде сақтау керек. Кино - және 
телекӛрсетулерді 
15-20 
минуттен 
артық 
кӛрсетуге 
болмайды.
Демонстрациялық үстелдің ұзындығы 3 м, ені 80 см, 
биіктігі 80 см болуы тиіс. Үстел лабораториялық бӛлменің 
алдыңғы жағында сәл биіктелген арнайы орында тұрақты 
бекітіледі. Мектептегі барлық лабораторияларда қауіпсіздік 
ережелері, алғашқы дәрігерлік жәрдем ережелері мен дәрі-
дәрмектер жинағы, ӛрт қауіпсіздігіне қажетті құм, ӛрт 
сӛндіргіш саймандар болуы керек. 
Негізгі әдебиеттер. [6-7-9]
Қосымша әдебиеттер. [7-8-11] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет