Қалқанша без
Қалқанша без,
glandula thyroidea,
ішкі сек-
рециялық бездердің ішіндегі ең ірі так без. Ол
мойыннын алдыңғы аймағында, көмей мен
кеңірдектің жоғарғы бөлімдерінің аралығын-
да орналасқан. Бездің оң және сол үлестері,
lobus dexter et sinister,
және қылтасы,
isthmus
glandulae thyroidea,
ажыратылады (№198, 199,
200 суретті қараңыз). Қалқанша бездің оң
және сол үлестерін бір-бірімен жалғастыру-
шы қылтасы, кеңірдектің II және III жарты-
лай сақиналы шеміршегінің маңында орна-
ласқан. Кейбір жағдайларда қалқанша без
қылтасы кеңірдектін I шеміршегінің тұсын-
да немесе жүзіктәрізді шеміршектің доғасын-
да жатады. Кейде калканша без қылтасының
мүлде болмауы жиі байқалады, мұндай жағ-
дайда, калканша без үлестері дербес орнала-
сады.
Қалканша бездің оң және сол үлестерінің
жоғаргы полюстары көмейдің қалқанша ше-
міршегінің жоғаргы жиегінен кішкене төмен,
ал төменгі полюстары кеңірдектің Ү-ҮІ ше-
м ірш ектер дең гей ін е жетеді. Қ алқанш а
бездің артқы -б үй ір беті ж ұткы нш ақтың
көмей бөлігімен, өңештің бастапқы бөлігімен
және жалпы ұйкы артериясының алдыңғы
айналымымен жанасады.
Қалқанша без кылтасынан немесе бір үле-
сінен қалқанша шеміршегінің алдында орна-
ласатын 30 % жағдайда кездесетін, пирами-
далык үлес,
lobus pyramidalis,
тармакталады.
Бұл үлестің ұшы тіласты сүйегінің денесі-
не жетеді.
Ересек адамдарда қалқанша бездін көлде-
нең мөлшері 50-60 мм-ге жетеді. Қалқанша
без қы лтасы ны ң вертикалді мөлшері 5-15
мм-ге жуық, қалыңдығы 6-8 мм. Қалканша
бездің максималді салмағы 30 жаста 25-30 г.,
50-55 жастан соң бездің мөлшері мен сал-
мағы азаяды. Әйелдердің калқанша безінін
м өлш ері мен салмағы ерлерге қарағанда
үлкен.
198-сурет. Қ ал қан ш а без, ай ы рш а без; адцы нғы көрінісі.
Қалканш а без қабы рғасы ны ң құрылысы:
Сыртқы, дәнекер тінді-фиброзды қабық
(капсула), ол кеңірдек пен көмеймен бітіскен.
Соның әсерінен көмей кимылдағанда, қалқ-
анша безде орнын ауыстырады. Бездің ішіне
капсуладан дәнекер тінді қалқалар-шарбак,-
шалар тармақталады, олар түйіншелерден
құралған үлесшелерге бөледі. Түйіншелердің
қабырғасы ішінен текше пішінді эпителиалді
түйіншелік жасушалармен комкерілген, ал
түйіншелердің ішінде қою сұйықтық-кол-
лоид орналаскан. Коллоидтың кұрамында
қалқанша без гормоны бар. Қалқанша бездің
безшелік түйіншектік эпителийінің қызметі
йодты жинау қабілетіне ие. Қалқанша без
тінінде йодтың концентрациясы 300 есе көп,
қан плазмасының қүрамына карағанда.
Қалканша бездің қызметі нерв жүйесімен
және гипофиздің алдыңғы үлесінің тиреот-
ропты гормонымен қамтамасыз етіледі.
Қ алқанш а бездің канм ен
қам там асы з етілуі:
Бездің оң және сол үлестерінің жоғарғы
полюсын сыртқы ұйқы артерияның тармағы
—жоғарғы қалқанша артерия, төменгі полю
сын бұғанаасты артерияның қалканша-мо-
йын сабауының тармағы-төменгі қалқанша
A.laryngea
A.thyroidea superior
M.thyrohyoideus-
Cartilago thyroidea
V.thyroidea superior
R.cricothyroideus
Lobus dexter
M.cricothyroideus
Cartilago crico'
A.thyroidea
V.v.thyroideae
Os hyoideum
Lig.thyrohyoideum
medianurn
Lobus pyramidalis
A.thyroidea superior
Lobus sinister
Isthmus glandulae
thyroideae
V.thyroidea inferior
Plexus thyroideus impar
Trachea
A.thyroidea inferior
A.thyroidea ima
199-сурет. Қ ал қ ан ш а без ж оғарғы ж ән е төм енгі қал к ан ш аж ан ы н д ағы б е з д е р ; арткы көрінісі.
артерия қанмен қамтамасыз етеді. Қалқанша
без капсуласы мен мүшенің ішінде қалқанша
артериялар тармақтары көптеген анастомоз-
дар түзеді. Кейде калқанша бездің төменгі по-
люсын иы қ-бас сабауы ны ң тармағы - ең
төменгі калқанша артериясы канмен қамта-
масыз етеді.
Қалқанша безден веналык кан жоғарғы
және ортаңғы қалканша веналары аркылы
ішкі мойындырық венаға, төменгі қалқанша
венасы арқылы иық-бас венаға ағады.
Қалканша бездің лимфа тамырлары калқ-
анша, көмейалды, кеңірдекалды және ма-
ңындағы лимфа түйіндеріне ашылады.
Қалқанша безді симпатикалық сабаудың
мойын түйіндерінің және кезбе нервтің
пп.
laryngei superior et inferior
тармактары нервтен-
діреді.
Қ алқанш а жанындагы бездер.
Жұп ж оғарғы қалкан ш а жанындағы без,
glandula parathyroidea superior,
және төменгі
қалкан ш а
ж аны ндағы
без,
glandula
parathyroidea inferior,
дөңгелек немесе сопак-
ша піш інді д ен еш ік тер , қалканш а безі
үлесінің арткы беткейінде орналасқан. Әр
бездің мөлшері: ұзындығы — 4-8 мм, ені - 3-
4 мм, қалыңдығы — 2-3 мм. Бұл денешік-
G la n d u la th y ro id e a
(lo b u s sin iste r)
Mconstrictor
pharyngis medius
Glandula parathyroidea
superior
thyroidea
lobus dexter
G la n d u la p a ra th y ro id e a
in fe rio r
C a rtila g in e s tra c h e a le s
201 -сурет. Қ ал қан ш а без, к ал қ ан ш а ж ан ы ндағы бездер (ж оғарғы ж ә н е т ө м ен гі); бұйір көрінісі.
тердің саны тұрақты емес және 2-ден 7-8-ге
дейін өзгере алады, орташасында — 4, қалқ-
анша бездің әрбір үлестерінің артқы жағын-
да екеуден: бір без үстінде, екіншісі астында.
Бездердің жалпы салмағы 0,13-0,36 г-нан
көп емес. (138, 139 суреттерді қараңыз)
Қалқанша жанындағы бездердің калқан-
ша безінен айрмашылығы бояуының ашық-
тау болуында (балаларда — акш ы л-қызы л
түс, ересектерде - сарғыш-қоңыр түс).
Көбінесе, қалқанша жанындағы бездер
төменгі қалқанша артериясы немесе оның
тармақтары қалқанша безінің тініне енетін
жерде орналасады. Қалқанш а жанындағы
бездер айналасындағы тіндерден фиброзды
қапшықпен бөлінеді, одан бездер ішіне дәне-
кер тінді қабаттар енеді. Ақырғыларында өте
кәп кан тамырлары бар және олар қалқанша
жанындағы бездерді эпителиалді жасушалар
топтарына бөледі.
Қалканша жанындағы бездердін гормоны
паратиреокрин (паратгормон) фосфор мен
кальцийдін алмасуын реттеуге катысады.
Қ алқанш а ж аны ндағы бездердің
қанм ен қам там асы з етілуі:
Қалқанша жанындағы бездердің қанмен
қамтамасыз етілуі жоғарғы және төменгі кал-
Palatum molle
A.carotis extem a
Pharynx-
Plexus pharyngeus
Glandula parathyroidea
superior
N.laryngeus inferior.
Glandula parathyroidea
inferior
R .esophageus-
Esophagus
N .laryngeus recurrens
Glandula
submandibularis
A.lingualis
A .thyroidea superior
-V.v.thyroideae superiores
A .carotis interna
-V.jugularis interna
--A.carotis communis
t
—Glandula thyroidea
•V.thyroidea inferior
A.thyroidea inferior
Trachea
қанш а артери ялары м ен , соны м ен қатар
өңеш және кеңірдек тармактарымен жүзеге
асады.
Веналық қан аттас веналар бойымен кетеді.
Қалқанша жанындағы бездердің жүйкеле-
нуі калқанша безінің жүйкеленуі сияқты.
Достарыңызбен бөлісу: |