КІРІСПЕ Мүшелер жүйесі, құрылысы мен топо- графиялық орналасуына қарай бірнеше топ- тарға бөлінеді: паренхиматозды, түтіктәрізді немесе қуысты мүшелер тобына. -Паренхиматозды мүшелерге: бауыр, ұйқы безі, өкпе т.б. мүшелер жатады. Құры- лысы: дәнекер тінді негізден (стромадан) және ерекшеленген жасушалар тобынан тұрады. -Қуысты мүшелерге: өнеш, асқазан, жі- ңішке жэне ток ішек, кеңірдек, несепқуық, несепағар т.б. жатады. Қуысты мүшелер тобы сыртқы пішініне және атқаратын қыз- метіне карамастан құрылысы біртекті 4 қабықтан: ішкі шырышты, шырышасты негізі, бұлшықеттік және дәнекерлі (адвен- тициалді) немесе сірлі қабықтан тұрады. Ішкі мүшелер қабырғаларының жалпы құрылысы: - Шырышты қабық, tunica mucosa, ас қорыту, тыныс алу, несеп жыныс мүше- лерінің ішкі кабыгы. Шырышты кабықтын куысқа қараған беті әртүрлі эпителийлермен көмкерілген: - Көпқабатты жалпақ эпителиймен ауыз қуысының, жұтқыншақтың, өңештің және тік ішектің төменгі бөлігінің шырыш ты қабығы көмкерілген; - Ауыспалы эпителиймен несепағар жол- дары көмкерілген; - Біркабатты цилиндртәрізді эпителий мен: асқазанның, тоқ ішектің шырышты қабығы көмкерілген. - Бірқабатты призматәрізді эпителиймен кеңірдектің, аш ішектің шырышты қабығы көмкерілген. I. Шырышты кабықтың құрылысы: 1. Ішкі мүшелердің ішкі шырышты қабы- ғының эпителийі іркілдеген дәнекер тін түрінде орналаскан. Лимфа түйіншелері мен артерия, вена жэне лимфа торлары шырыш ты қабыктың меншікті табақшасының,