Адам анатомиясы



Pdf көрінісі
бет61/177
Дата06.10.2023
өлшемі11,6 Mb.
#113293
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   177
Байланысты:
Атлас адам анатомиясы 2 том

Сірлі қабық, 
tunica serosa,
негізі дәнекер
тіндерден, ішкі беті жалпақ бірқабатты эпи-
телиймен немесе мезотелий жасушаларымен
көмкерілген тұйық қабық. Сірлі кабықтың
куыска қараған беті жылтыр және дымқыл.
Оның жылтыр және дымқыл келуі мүше-
лердің қозғалыс кезіндегі үйкелісін азайту.
Сірлі қабықтың астында іркілденген дәнекер
тіндерден құралған сірліасты негізі, 
tela
subcerosa,
орналасқан. Сірліасты негіз барлық
жерде бірдей дамымаған. Сірлі қабықтың
жылжымалы болуы, осы негіздің қалыңды-
ғына тікелей байланысты.
Ішастар
Ішастар, 
peritoneum,
іш куысындағы мүше-
лерді тұйық жауып орналаскан сірлі кабык.
Тек кана әйел адамдарда бұл сірлі куыс, жа­
тыр түтігінің тесігі арқылы сырткы ортамен
байланысқан.
Ішастар топографиялық орналасуына
карай: париеталді бөлікке, 
peritoneum parietalis,
және мүшелердің бетін тікелей жауып орна­
ласкан, мүшелік немесе висцералді бөлікке,
peritoneum viscerale,
бөлінеді. (№70 суретті
қараңыз). Ішастардың париеталді және вис-
цералді бөліктері бір-бірімен өзара бетгесіп,
саңылау түрінде орналаскан куыс, ішастар-
лық куысты, 
cavitas peritonei,
түзеді. Аралы-
ғында козғалыс кезінде ішкі мүшелердің бет-
терінің үйкелістерін жеңілдету үшін ылғал-
дауға сірлі сұйықтык орналаскан.
Ішастардың париеталді табағы, іш қуысы-
ның алдыңғы, артқы және бүйір қабырғала-
рын, көкеттін ішкі бетін жауып, шұғыл бұры-
лып, ішастардың висцералді бөлігіне жалға-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   177




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет